"Қазтеміртранс" АҚ тасымалдауды қамтамасыз ету департаментінің диспетчерлеу жөніндегі функционалдық бағытының бас менеджері (19 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес (жыл бойы тұрақты) қызметтік міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша барлық нұсқаулардың, өкімдердің орындалуына қатысты функционалдық саланың, филиалдардың қызметкерлерін бақылайды;
- қоғамның құрылымдық бөлімдерімен және «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС, сондай-ақ олардың аймақтық филиалдарымен операциялық көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
- вагон паркін тиімді және ұтымды пайдалану кезінде жылжымалы құрамды пайдалануды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды орындайды;
- пайдалануға берілген вагондардың бөлінуіне тәулік бойы жедел мониторинг жасайды;
- жұмыс істейтін вагондар паркінің жүк жұмысын жедел жоспарлау және басқару мәселелері бойынша Қоғамның өңірлік филиалдарының басшыларымен және жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)
Ұқсас вакансиялар