Қызылорда облысы бойынша АО «Аграрлық кредиттік корпорация» филиалының мониторинг бөлімінің бас маманы

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
393

   Конкурс туралы

Негізгі лауазымдық міндеттер:
-Компанияның тікелей қарыз алушылары бойынша кредит портфелінің сапасын бақылау,
филиалдың құзыреті шеңберінде жобаларды мониторингтеу арқылы.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
-Жоғары экономикалық/ қаржылық *заңгерлік/*техникалық білім.* қаржы-кредит саласында 2 жылдан кем емес тәжірибесі болған жағдайда рұқсат етіледі

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
- лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 (екі) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі және/немесе
- Компанияның ішкі кандидаттары үшін / Компанияның еншілес ұйымдары / Холдинг, / 1 (бір) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар.
Бұл талаптар шетелдік жоғары оқу орнын/ Назарбаев университетін магистратура бағдарламасы бойынша бітірген кандидаттарға, «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітіргендерге (жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды) қолданылмайды.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
-Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, лауазымның мамандануына сәйкес қатынастарды реттейтін, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа міндетті білімдер;

-Компанияның қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар;

-Компанияның бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

-экономика, қаржылық жоспарлау, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру негіздері;

-Халықаралық стандарт МС ИСО 9001 талаптары;

-мемлекеттік тіл білімі.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті құзыреттер Функционалдық:

-қарыз алушылардың қаржылық жағдайын, несиелердің мақсатты пайдаланылуын, корпоративтік клиенттердің несиелерін уақтылы өтеу мониторингін жүргізу бойынша кешенді жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру қабілеті;

-корпоративтік клиенттердің кепілдік қамтамасыз етуді ұзарту, қайта құрылымдау, қаржыландыру шарттарын өзгерту, босату және ауыстыру мәселелерін қарастыру;

-нарықтық құнын анықтау актілерін, бағалау есептерін сараптау, кепіл мүлігін тексеру актілерін қалыптастыру қабілеті;

-эксперттік нарықтық құнын анықтау үшін қажетті анықтамалықтармен, бағдарламалармен жұмыс істей білу;

-ВНД-ға сәйкес ұсыныстар беру.

Жеке:

-көп тапсырмалыққа стресс төзімділік;

-коммуникабельділік (жылдам байланыс орнату, адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті);

-нәтижеге бағдарлану;

-дұрыс ауызша және жазбаша сөйлеу;

-жоспарлау және приоритеттерді қою қабілеті;

-қажетті ақпаратты жылдам табу қабілеті;

-үздіксіз өзін-өзі дамыту.

Шарттар:

-Жұмыс режимі: толық жұмыс күні, 5/2 
-Жұмыс формасы: еңбек келісімі 
-Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
-Орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Коркыт Ата 123

Қажетті қабілеттер

  • Умение осуществлять комплекс работ по проведению мониторинга

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)