Адам ресурстарын басқару департаментінің персоналды тарту және дамыту секторының аға маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
29

Қаралған саны:
1004

   Конкурс туралы

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің персоналды тарту және дамыту секторының аға маманын талап етеді

Талаптар:

Білім:

  • тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары білім                             
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары / магистр немесе МВА дәрежесі немесе басқа бағдарламалар (жақсырақ)
  • жақсырақ GRP, CIPD, SHRM немесе т. б. сертификаттары бар.

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі:

  • кем дегенде 5 жыл
  • HR саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі      

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • адам ресурстарын басқару саласындағы ең жақсы тәжірибелерді білу
  • адам ресурстарын басқару әдістері мен құралдарын білу
  • ҚР салалық және еңбек заңнамасын білу
  • корпоративтік басқару негіздерін білу
  • ағылшын тілін білу құпталады

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:

  • персоналды басқару саласындағы дағдылар
  • тарту, бағалау, оқыту және дамыту, сабақтастықты басқару, корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік тұрақтылықты басқару, сыйақыны басқару (материалдық және материалдық емес сыйақы, грейдинг), ұйымдастырушылық даму (оның ішінде нормалау), еңбек қатынастары, кадрлық іс жүргізу, HR-есептілік пен талдауды басқару процестерін әдіснамалық қолдауды ұйымдастыру дағдылары
  • командада жұмыс істеу, келіссөздер жүргізу, коммуникативтік дағдылар, көпшілік алдында сөйлеу, презентация, жобалық басқару дағдылары
  • адам ресурстарын басқару саласындағы тәуекелдерді басқару дағдылары

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

  • Ішкі құжаттар шеңберінде ҚМГ ҚМГ қызметкерлерін оқыту мен дамытудың күнтізбелік жоспарын қалыптастырады және күнтізбелік жоспарда (стратегиялық сессиялар, тимбилдингтер, форумдар, конференциялар және т.б.) айқындалған/ көзделген жұмыстардың толық тізбесін іске асырады. Шарттар жасасуды және күнтізбелік жоспарда көзделген процестерді бюджеттеуді жүзеге асырады
  • Адами ресурстарды басқару саласындағы ең үздік тәжірибелерді және ҚМГ мен ЕТҰ-ның ағымдағы бизнес-процестерін алдын ала талдай отырып, студенттермен жұмыс саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттарды әзірлейді және өзектендіреді. Персоналды оқыту және дамыту, кадр резерві және сабақтастық саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттарды әзірлеуге және өзектендіруге қатысады
  • "Жас Өркен" және "Цифрлық жаз" бағдарламаларында айқындалған/ көзделген жұмыстардың толық тізбесін, сондай-ақ ҚМГ-да студенттердің практикасын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың толық тізбесін іске асырады
  • Талдау және есептілік үшін деректерді жинауды, есепке алуды және дайындауды жүргізеді, құжаттар мен бюджеттерді келіседі, әдіснамалық көмек көрсетеді, ҚМГ және ЕТҰ қызметкерлеріне қызметкерлерді оқыту және дамыту, студенттердің практикасы және өзге де жетекшілік ететін бағыттар бойынша консультациялар береді
  • Жетекшілік ететін бағыттар бойынша ағымдағы (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді) жобаларды бірлесіп іске асыруға және автоматтандыруға қатысады
  • Тікелей басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады
  • нормативтік құжаттарды, саясаттарды, рәсімдерді, HR процестерінің регламенттерін жетілдіруді/әзірлеуді, оларды енгізуді, іске асыру мониторингін қамтамасыз етеді
  • ҚМГ және ҚМГ ЕТҰ құрылымдық бөлімшелері дайындаған материалдар мен жобаларға сараптама жүргізеді
  • адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдарын дайындайды, ҚМГ менеджменті/персоналы және ҚМГ ЕТҰ үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысады
  • HR тәуекелдерінің алдын алу және азайту бойынша шаралар қабылдайды
  • адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша есептілікті/Мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша материалдарды дайындайды, азаматтардың HR процестер мәселелері бойынша өтініштерін қарайды
  • ең жақсы HR тәжірибелеріне талдау жүргізеді және HR процестерін жақсарту шараларын ұсынады
  • жетекші бизнес-серіктестермен, функционалдық блоктар/дивизиондар басшыларымен, ҚМГ ЕТҰ, БҚО басшыларымен өзара іс-қимыл жасайды: HR бизнес-процестері, HR-жобаларды іске асыру шеңберінде, бизнес сұрауларын бірлесіп пысықтау, функционалдық бағыттар бойынша сараптама алу, HR қызметінің бағыттары бойынша нормативтік құжаттардағы инновациялар бойынша консультациялар алу
  • қызмет бағыттары бойынша HR процестерін автоматтандыруды/диджитализациялауды қамтамасыз етеді, HR процестерінің операциялық тиімділігін арттыру бойынша ОАО-мен өзара іс-қимыл жасайды