«Қазынашылық және Корпоративтік қаржы» департаментінің бас менеджері
«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.Төлемдер тізілімін қалыптастыру мақсатында төлемдер бойынша төлем мерзімдеріне (шартқа сәйкестігі және төлемнің шекті рұқсат етілген кезеңде жүзеге асырылуы) кіріс бақылауын жүргізеді.
Қоғамда жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша Төлемдер тізілімін келісуді жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін ЕТҰ-ның кассалық жоспары мен төлем күнтізбелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Қазынашылық процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мүмкіндігіне қатысты процестерді талдау жасайды.
Қоғамның және ЕТҰ-ның қазынашылық бизнес-процестері бойынша қажетті шоғырландырылған сапалы және сандық ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.
Қазынашылықты автоматтандыру және ERP-жүйелермен интеграциялау бойынша техникалық тапсырманы, сондай-ақ жетекшілік ететін процестерді автоматтандыру үшін тұжырымдамалық дизайнды әзірлеуді жүзеге асырады.
Қазынашылықтың автоматтандырылған процес-терін енгізу мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен және ЕТҰ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Қазынашылық процестері бойынша әдіснамалық құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін ЕТҰ қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, басқару есептілігінің нысандарын, автоматтандыру жөніндегі жобалау және техникалық тапсырмаларды әзірлеуді жүзеге асырады.
Процестердің жүйелік компоненттерін және қаржылық мәмілелер бойынша қосымша функционалдылықты орнатуды, басқа функционалдық бағыттар жүйелерімен интеграциялау бойынша жұмыстарды сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Процестер бойынша Қоғам мен ЕТҰ шаблонын оқшаулау үшін тарихи және негізгі деректерді дайындауды жүзеге асырады.
Қоғам тобы бойынша төлемдер тізілімін қалыптастыру процесін автоматтандыру бөлігінде жұмысты жүзеге асырады.
Төлем күнтізбесі базасында УБАҚ орналастыру қажеттілігін автоматты түрде қалыптастыру, УБАҚ орталықтандырылған орналастыру бөлігінде жұмысты жүзеге асырады.
Қоғамда жетекшілік ететін ЕТҰ-ның кассалық жоспары мен төлем күнтізбесін қалыптастыру және келісу процесін жүзеге асырады.
Қоғамдағы дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша және елеулі мерзімі өткен берешек болған кезде ЕТҰ-да деректерді жинауды, талдауды және мониторингті жүзеге асырады.
Топ бойынша Даму жоспарын қалыптастыру үшін төлемдерді жоспарлау бойынша сапалы шоғырландырылған ақпаратты ұсынады.
Жетекшілік ететін ЕТҰ-ның қаржылық көмегін өтеу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады.
Қоғам мен ЕТҰ үшін бірыңғай қазынашылық есептілік жүйесін әзірлеуді және енгізуді жүзеге асырады.
Салалық ерекшелікті ескере отырып, көрсеткіштерді талдау негізінде қазынашылық функцияларды жетілдіру мен оңтайландыруға қатысты ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады.
Мақсатты процестерді сипаттайтын ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырады.
Жаңа процестер мен есептік құжаттарды енгізу бойынша консультациялар ұйымдастырады.
Жоғары кәсіби білім (қаржылық, бухгалтерлік, экономикалық),
Қаржы, бухгалтерия, экономика саласы бойынша сертификаттарының болғаны жөн
Қызмет бейініне сәйкес кәсіби салада кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы.
Халықаралық және жергілікті компаниялардағы қаржылық, экономикалық, бухгалтерлік позицияларда жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.
Өтімділікті жоспарлау, қазынашылық операцияларды жүргізу және ақша қаражаттарын орналастыру тәжірибесі. Компанияның қаржылық жағдайына қарыздардың әсерін анықтау мақсатында компанияның және оның ЕТҰ-ның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу тәжірибесі. Банктермен, қаржы нарығының басқа қатысушыларымен, қор биржаларымен (KASE, ҚҚҰ және т.б.) өзара іс-қимыл тәжірибесі. Қазынашылық операциялардың орындалуын реттейтін заңдарды, регламенттейтін құжаттар мен әдістемелерді білу. Ағылшын тілін білуі (құпталады). Банктермен, несие ұйымдарымен, рейтингтік
агенттіктермен, қаржы институттарымен және қор биржаларымен жұмыс істеу және келіссөздер жүргізу дағдылары. Уақытша бос ақшаны орналастыру бөлігінде тиісті шешімдер қабылдау үшін қаржылық есептілікті талдау және үлкен көлемдегі деректерді тиімді өңдеу дағдылары. Бұрыннан келе жатқан және әлеуетті серіктестермен жүйелі қарым-қатынас құру дағдылары. Қаржылық модельдердің негізгі деректері мен көрсеткіштерін түсіндіру дағдылары.
Тәжірибеде әдіснамалық білімді қолдану дағдылары. Конверсиялық операцияларды және уақытша бос ақша қаражатын қаржы құралдарына орналастыру жөніндегі операцияларды жүргізу дағдылары. Бухгалтерлік АТ жүйесінде жұмыс істеу дағдылары (1С және басқалары). Іскерлік хат алмасу дағдылары.
Қажетті қабілеттер
- ) Навыки деловой переписки.
- 2) Опыт планирования ликвидности, проведения казначейских операций и размещения денежных средств
- Знание английского языка (желательно).
- Навыки построения системных взаимоотношений с существующими и потенциальными партнерами.
- Навыки интерпретации основных данных и показателей финансовых моделей.
- Навыки применения методологических знаний в практике.
- Навыки работы в бухгалтерской ИТ-системе (1С, другое).
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман