Ядролық радиациялық және физикалық қауіпсіздік департаментінің бас менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті, радиоактивті ластанудан қоршаған ортаны қорғау бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
- Бақылауға жататын радиациялық қауіпті факторлардың номенклатурасын әзірлейді және қайта қарастырады, радиациялық жағдайды бақылау кестелерін жасайды;
- Ионизирлеуші сәулелену көздерін есепке алады, олардың жоғалуы немесе бақылаусыз пайдаланылуы мен сақталуын болдырмайды;
- Ионизирлеуші сәулелену көздерімен жұмыс істеу үшін санитарлық ережелер, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жұмыс жағдайларын жасайды;
- Жұмыс орындарындағы, ғимараттардағы, аумақтардағы, бақылау аймақтарындағы радиациялық жағдайды жүйелі түрде өндірістік бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ радиоактивті заттардың шығарындылары мен ағындарын бақылайды;
- Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларының қорытындылары, қаулылары, нұсқаулары мен МАГАТЭ ұсынымдарын орындау;
- Ионизирлеуші сәулелену көздерімен жұмыс істейтін қызметкерлерді даярлау және аттестаттау жүргізеді.
Талаптар:
- Физика, ядролық қауіпсіздік бойынша жоғары білім, және/немесе атом энергетикасына ұқсас;
- Ядролық, радиациялық, ядролық-физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ядролық кәсіпорындарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы;
- Квазимемлекеттік секторда, мемлекеттік басқару органдарында және/немесе энергетика/атом саласындағы ұйымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы;
- Халықаралық стандарттар талаптарын білуі;
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кәсіби деңгейде, техникалық іскерлік қатынас шеңберінде меңгеруі.
Шарттар:
- 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Санаты жоқ/II санатты/І санатты/жетекші санатты электртехникалық қондырғылар жөніндегі инженер Бас энергетик бөлімі
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
12.12.2025 | 182
Санаты жоқ/ 2 санатты/1 санатты инженер-физик Бас физик қызметі
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
10.12.2025 | 162