«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» филиалы механикалық шеберханалар шеберханасы

от 472862
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
459

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Автокөлік құралдарының жыл сайынғы техникалық байқаудан өтуі мен сақтандыру полисін рәсімдеу жоспарын қалыптастырады;
жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) жұмсалуын бақылайды;
жол машиналары мен механизмдерін реттеушілердің, жолсеріктердің, техниктердің, қазандық операторларының, жүргізуші мен шебердің жұмысына жалпы бақылау жүргізеді;
сатып алынатын материалдық-техникалық құндылықтар (МТҚ) атауларына техникалық сипаттамаларды (спецификацияларды) әзірлеп, оларды сатып алу жоспарлау секторына ұсынады;
МТҚ есепке алу бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізеді;
белгіленген тәртіппен монтаждық-қорғау құралдары мен құрылғыларын сынау жұмыстарын орындайды;
Филиал ғимаратының жерге қосу құрылғыларын тексеруді жүзеге асырады;
қалқандықтардың бірсызықтық (однолинейный) сұлбаларын жаңартады;
МТҚ қабылдау жұмысына қатысады;
сатып алу рәсімдерін жүргізу үшін сараптамалық қорытындыларды қалыптастырады;
Филиал қызметкерлеріне шаруашылық қажеттіліктерге арналған сенімхаттарды беруге жауапты болады;
еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі бойынша барлық түрдегі нұсқамаларды өткізеді;
механикалық шеберханалар цехы бойынша инвестициялық жобаларды әзірлейді.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Мамандығы: Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; көлікті пайдалану (темір жол көлігі); машина жасау; көлік, көлік техникасы және технологиялары; тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); темір жол подвижной құрамына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану; темір жол подвижной құрамын өндіру; темір жол подвижной құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша).
Жұмыс өтілі: көлік шаруашылығы саласында (барлық түрлері бойынша) кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)