«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің 1-санатты инженері»
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
2) еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлігінде IR-скрининг бойынша сатып алу компаниясын үйлестіру;
- IR-скрининг материалдары бойынша SAP ERP жүйесіне деректерін енгізу;
- IR-скрининг бойынша материалдарды таратуды ресімдеу;
- кейіннен орындау бойынша есептерді ұсына отырып, IR-скрининг кезеңдерінің орындалуын бақылау (сұрау салу бойынша);
3) еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша НҚ есептен шығару рәсімін бақылау;
- еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бөлігінде НҚ есептен шығару үшін ақаулық актілерін ресімдеу;
- ЕҚӨҚҚ ұзақ мерзімді активтерін қабылдау актілерін ресімдеу;
- филиал бөлімшелеріне еңбекті қорғау бойынша материалдар мен негізгі құралдарды беру, МЖТ-дан МТЖ-ға ішкі орын ауыстыруды жүзеге асыру;
4) филиал бойынша қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудитін бақылау және жүргізу, сондай-ақ қауіпсіздіктің мінез-құлық аудитін өткізу;
5) ҚМҚА деректерін, технологиялық бұзушылықтарды, ЖҚҚ және басқа да деректерді бақылау және SAP BPS жүйесіне енгізу;
6) еңбектi қорғау бөлiгi бойынша директордың Дашборд көрсеткіштерін бақылау;
7) Филиалдың жаңадан қабылданған жұмыскерлеріне кіріспе нұсқама өткізу, нұсқаманың өткізілуіне және тіркелуіне бақылауды жүзеге асыру;
8) тағылымдамалардың, жұмысты қатар атқарудың өткізілуін, дербес жұмыс істеуге рұқсат беруді ресімдеуді бақылау;
9) Филиал бөлімшелерінің, қызметтерінің (топтарының) және бөлімдерінің басшыларының, олардың орынбасарларының және инженерлік-техникалық жұмыскерлерінің біліміне біліктілік тексеру жүргізу кестесін қалыптастыру және ұйымдастыру;
- кейіннен Филиал жұмыскерлері үшін MOODLE жүйесінде білімді біліктілік тексеруді тағайындай отырып, біліктілік тексеруге есептік жазбалар жасау;
- біліктілік тексеру журналында біліктілік тексерулерді есепке алу;
10) еңбекті қорғау бойынша ескерту талондарын беру, ескерту талондарын алу бойынша акт жасау;
11) мемлекеттік органдарға еңбекті қорғау бойынша статистикалық есептерді тапсыру үшін құжаттар дайындау;
12) Филиалдың ЕҚӨҚҚ қызметіне қатысты хаттамалық тапсырмалары бойынша ақпарат дайындау, сондай-ақ персоналмен жұмыс мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, баяндамалар өткізу үшін материалдар дайындау;
13) Филиалдың өндірістік бөлімшелеріне арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғану құралдарын беру үшін қажетті құжаттардың болуын талдау және дайындау;
14) өндірістік және қосалқы персоналдың күнделікті медициналық куәландырудан өтуін бақылау;
15) SAP ERP жүйесінде қызметтер бойынша ақы төлеу рәсімін жүзеге асыру;
16) Филиал объектілеріне бөгде ұйымдардың персоналын жіберуге өкімдік құжаттарды дайындау;
17) өндірістік қауіпсіздік және қорғау бойынша озық тәжірибені қолдану;
18) еңбек қауіпсіздігі мәдениетіне, персоналмен жұмыс, озық индикаторлар, мердігерлермен жұмыс және ЕҚӨҚҚ қызметіне қатысты ЕҚӨҚД сауалдары бойынша ЕҚӨҚД-не есептік деректер дайындау;
19) белгіленген нысан мен өлшемдерге сәйкес Филиалдың бөлімшелерінде чек (тексеру) парақтарын үйлестіру және жүргізу;
20) тікелей басшының өзге де тапсырмаларын орындау.
Талаптар:
|
Білім деңгейі |
Жоғары |
|
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) |
Электр энергетикасы және / немесе тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық білім |
|
Жұмыс тәжірибесі лауазым бағыты бойынша |
Электр энергетикасы саласында және немесе / өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар |
2-санатты инженер лауазымында кемінде 2 жыл және/немесе лауазым бағыты бойынша кемінде 4 жыл |
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар |
|
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
· Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы IV топтан төмен болмауы тиіс; · Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары саласында мамандандырылған білім; · Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласындағы теориялық және практикалық білім; · «KEGOC» АҚ электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтың параметрлері мен құрамын білу; · Электр энергетикасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау органдарының заңнамасы мен талаптарын білу; · Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу; · Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау); • Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі. |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн. |
|
Қосымша талаптар |
* MS office тәжірибелі пайдаланушысы; * Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу. |
Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
Жұмыс орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Қазыбаев көшесі 23А
Бос лауазым тұрақты болып табылады.
Түйіндемені қабылдау 23.01.2026ж. дейін (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар