"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі топтың менеджері (14 Грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Филиал мен өңірлік оқу орталықтарының қажеттіліктері үшін бюджетке өзгерістер негізінде түзетулер енгізе отырып, Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге (бұдан әрі – ТЖҚ) қажеттілікті қалыптастырады.
- ТЖҚ сатып алу тәсілін нақтылау, лот бойынша бөлу және сатып алу жоспары бойынша басқа да деректер арқылы сатып алу жоспарын қалыптастырады.
- SAP жүйесіне бекітілген сатып алу жоспарын енгізеді.
- Филиалдың, Өңірлік оқу орталықтарының алдын ала, жылдық және ұзақ мерзімді сатып алу жоспарларының жобаларын келісуді, оларға есептеулер мен негіздемелер дайындауды, оларды SAP жүйесінде қалыптастыруды қалыптастырады және сүйемелдейді.
- Филиал мен өңірлік оқу орталықтарының қажеттіліктері үшін қажетті негіздемелермен және оларға есептеулермен сатып алу жоспарына түзетулер жүргізеді.
- Сатып алуды өткізуге дайындық іс-шараларын жүзеге асырады (сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін, баға ұсыныстарын сұратуды қолдану кезінде лоттарды, сатып алу үшін құжаттаманы қалыптастыру, тендер тәсілімен, электрондық дүкен арқылы, тауар биржалары арқылы және бір көзден).
- Сатып алу бастамашыларынан ТЖҚ сатып алуды жүргізуге өтінімдерді бекітілген техникалық ерекшелікке (техникалық тапсырмаға) сәйкестігіне қарауды жүргізеді.
- Бекітілген сатып алу жоспарына сәйкес тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге сатып алуды жүргізеді.
- Сатып алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады (сатып алу туралы хабарландыруларды орналастыру, сатып алу қорытындыларының хаттамаларын қалыптастыру, шарттар жасасу және т.б.).
- Филиалдың және өңірлік оқу орталықтарының сатып алу порталы арқылы сатып алу туралы шарттардың орындалуына мониторинг жүргізеді.
- Сатып алу бағалары департаментіне (бұдан әрі - ЦМО) маркетингтік зерттеулер жүргізуге және пайдалану шығыстарының жоспары, филиалдың қажеттіліктері үшін күрделі салымдар жоспары және өңірлік оқу орталықтарының Оқу орталығы бойынша сатып алынатын ТЖҚ-ның болжамды бағаларын алуға жиынтық сұрау салуды жолдайды.
- Білікті әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алынатын ТЖҚ номенклатурасына енгізу үшін ТЖҚ санаттары бойынша ұсыныстар енгізеді.
- Филиал мен өңірлік оқу орталықтарын сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушінің сенімсіздігі фактісі анықталған жағдайда сенімсіз өнім берушілердің тізбесі бойынша ақпарат дайындайды.
- Есептіліктің белгіленген нысандарын қалыптастырады және оларды филиал мен өңірлік оқу орталықтарының сатып алу бойынша сатып алуды үйлестіру және мониторингілеу департаментіне жібереді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Құқықтану, Халықаралық құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит
- Жұмыс тәжірибесі: "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы"акционерлік қоғамының компаниялар тобымен қызметтің ауқымы бойынша салыстырылатын компанияларда / қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр