Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бас маман

768124 - 768124 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
697

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің жұмыс істеуін әзірлеуді және бақылауды жүзеге асырады;
  • технологиялық және қосалқы жабдықтардың істен шығуына байланысты авариялар мен инциденттерді тергеуге қатысады, тергеу нәтижелері бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
  • кәсіпорындағы авариялар мен инциденттерді есепке алуды, олардың пайда болу себептерін талдауды жүзеге асырады;
  • сатып алуды жүргізу және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы, қауіпті техникалық құрылғыларды, ғимараттар мен құрылыстарды тексеру және техникалық куәландыру бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасасу үшін қажетті электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде құжаттарды (техникалық ерекшеліктер, көлем есептері, коммерциялық ұсыныстарға сұраныстар, өтінімдер, жобалар) дайындауды және сүйемелдеуді жүзеге асырады;
  • бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерінде (1С) және электрондық сатып алуларда бастапқы бухгалтерлік құжаттарды сүйемелдеуді жүзеге асырады;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ-ның сұрауларына есептер мен жауаптарды ресімдейді.

Біліктілік талаптары:

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік бейіні инженерлік немесе техникалық мамандықтар (машина жасау, машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, металлургия, мұнай өңдеу, мұнай химиясы, химия, жылу энергетикасы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы маман лауазымындағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес болуы тиіс.

Білімі мен дағдылары:

  • мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
  • «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңын, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын білу;
  • мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын білу;
  • химия өнеркәсібінің қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын білу;
  • компрессорлық станцияларды, жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын білу;
  • мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын білу;
  • пайдаланушы деңгейінде Windows жүйесінің жұмысын білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр