"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Астана қорғаныштық орман екпелері дистанциясының персонал жөніндегі менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Дистанция қызметкерлерінің дербес деректерін персоналды басқарудың автоматтандырылған жүйесіне енгізеді;
- жеке құрам бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындайды, жеке құрам бойынша бұйрықтарды тіркейді;
- демалыс беру туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды, демалыс беру туралы бұйрықтарды тіркейді;
- дистанция қызметкерлерін іссапарға жіберу туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды, іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды тіркейді;
- бұйрықтардың, өкімдердің, кадр мәселелері бойынша хаттамалардың жобаларын дайындайды
- жеке құрамның есебін жүргізеді, барлық өзгерістерді ескере отырып, қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыруды дайындайды (зейнетақы шарты, медициналық тексеру, диплом, отбасы құрамы туралы анықтама және т.б.)
- қызметкерлерге қажетті анықтамаларды, еңбек кітапшаларының куәландырылған көшірмелерін береді.
- оқудан, біліктілікті арттыру курстарынан өткен мамандар бойынша еңбек тәртібінің жай-күйі, қызметкерлер штатының жасақталуы туралы ай сайынғы, тоқсандық, жыл сайынғы есептерді жасайды. Бос орындар туралы деректер базасын қалыптастырады.
- әскери міндеттілердің есебін жүргізеді, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есептік деректеріндегі өзгерістер туралы мәліметтерді есепке алу бойынша жұмыс жүргізеді, әскери-есепке алу бюросымен салыстырып тексеру жүргізеді, әскери міндеттілерді есепке алу бойынша белгіленген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді
- компанияның жергілікті актілерінің талаптарына сәйкес бос лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеу рәсімдерін ұйымдастырады.
- кестеге сәйкес бұқаралық кәсіп кадрларын даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру үшін қызметкерлерді жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және олардың орындалуын есепке алуды жүргізеді.
- кадр резервін қалыптастыру және даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
- номенклатураға кіретін лауазымдарға орналасуға кадрларды іріктеу мақсатында мамандардың іскерлік қасиеттерін зерделейді және жоғарылатуға кадрлық резерв құрады, оның жаңартылуы мен орындалуын есепке алуды жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары.
- Мамандығы: құқықтану; әлеуметтік жұмыс; экономика; менеджмент; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; психология; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; жұртшылықпен байланыс; әлеуметтану; саясаттану; персоналды басқару және/немесе темір жол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар