«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Орталық аумақтық электр тораптарының 2-санатты инженері

от 297100 KZT
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
277

   Конкурс туралы

 

БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы
Орталық аумақтық электр тораптарының 2-санатты инженері»

 

 

  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

            1) ОАЭТ бастығының барлық әкімшілік-техникалық өкімдерін орындайды;

            2) ОАЭТ өндірістік-техникалық құжаттамасын, оның ішінде БМЖ саласындағы құжаттарды жүргізеді, сол құжаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізеді;

            3) бөлімдер мен бөлімшелер үшін ОАЭТ қажетті шығыс құжаттамасын Meta Doc бағдарламасында ресімдейді;

            4) ЖПЖ мен жөндеулерді орындау үшін материалдар мен жабдықтарға өтінімдер береді.

            5) ОАЭТ персоналының нұсқаулықтармен, құжаттамалармен уақтылы танысуын бақылайды;

            6) 500 кВ Алматы ҚС материалдық жауапты тұлғаларының (бұдан әрі - МЖТ) негізгі және айналым құралдары бойынша қажетті құжаттаманы жүргізеді;

            7) негізгі және айналым қорларын есептен шығаруды, ЕҚ-ға қатысты материалдық есептерді тапсыруды ресімдейді;

            8) ОАЭТ лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеуге, жинақтауға және ресімдеуге қатысады;

            9) бағдарламалардағы бөлімдер мен бөлімшелер үшін ОАЭТ қажетті шығыс құжаттамасын ресімдейді;

          10) SAP бағдарламасына іссапар шығыстарының шығындарын жоспарлауға арналған өтінімдерді енгізеді;

          11) ОАЭТ персоналына іссапар куәліктерін ресімдейді, олардың есептік құжаттармен бірге Филиалдың бухгалтериясына тапсырылуын бақылайды;

            12) ЦТЭС персоналының артық жұмыс істеген жұмыс уақытын және демалыс уақытын тіркеуді есепке алуды жүргізеді;

            13) шығыс және кіріс хат-хабарларын тіркеу журналын жүргізеді;

            14) ОАЭТ қызметкерлерінің жұмыста нақты жұмыс істеген уақытын бақылауды жүзеге асырады және КААБЖ-да (SAP) кешігулерді, түнгі уақытта жұмыс істеген сағаттарын, іссапар күндерін, уақытша еңбекке жарамсыздыққа, бос жүруге және т.б. байланысты жұмыста болмауын тіркейді;

            15) қызметкердің жұмыс орнында болмау себептерін анықтайды;

            16) деректердің КААБЖ-ға (SAP) уақтылы енгізілуіне жауапты болады;

            17) ОАЭТ бастығының қызметтік тапсырмаларын орындайды;

            18) Филиал басшылығының қосымша тапсырмаларын орындайды.

           

 

Талаптар:

 

Білім деңгейі

Жоғары

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Электр энергетикасы саласындағы техникалық білім

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

электр энергетикасы саласында

 

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

Лауазым бағыты бойынша кемінде 3 жыл

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·             Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы IІІ топтан төмен болмауы тиіс;

·              Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары саласында мамандандырылған білім;

·              Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласындағы теориялық және практикалық білім;

·             Филиалдың электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтың параметрлері мен құрамын білу;

·Желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын өз қызметін жүзеге асыру кезінде ОАЭТ қолданатын құжаттар тізбесінде айқындалған көлемде білу;

·             Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу;

·             Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау);

·             Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі.

Лицензиялар, сертификаттар

• Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар

MS office тәжірибелі пайдаланушысы;

Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу.

 

 

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қазыбек бек ст.

 

 

Бос лауазым уақытша болып табылады (3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңі).

 

Түйіндемені қабылдау 09.02.2026ж.  дейін (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы