«Активтерді басқару» департаментінің бас менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
138

   Конкурс туралы
Қызметтік міндеттері:

  1. Активтерді сатып алу және сату жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ ЕТҰ құруға, таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды орындауды жүзеге асырады;
  2. Қоғамның ҚР Үкіметі және/немесе Қоғамның Жалғыз акционері айқындаған Активтерін жекешелендіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді;
  3. Қоғамның Активтерді сатып алуы жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Жол карталарын әзірлейді, келісуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
  4. Құрылтай құжаттарын, ЕТҰ акционерлерінің /қатысушыларының келісімдерін әзірлейді, келісуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
  5. Тәуелсіз консультанттарды/бағалаушыларды тарта отырып, Активтер құнын бағалау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
  6. M&a мәмілелеріне, Қоғам мен ЕТҰ арасында жасалатын Активтерді сенімгерлік басқару шарттарына сараптаманы жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелердің қорытындыларының жиынтығын қамтамасыз етеді;
  7. ЕТҰ активтерін сатып алу, сату, қайта ұйымдастыру кезінде due diligence (Қоғам тарапынан өз бетінше немесе консультанттарды тарта отырып) рәсімдерін өткізуді ұйымдастырады;
  8. ЕТҰ-ны құру, тарату, қайта ұйымдастыру, Активтерді сатып алу, сату мәселелері бойынша корпоративтік рәсімдерді өткізуді, корпоративтік шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді;
  9. Активтерді оңтайландырудың, қайта құрылымдау-дың орындылығы туралы ақпарат жинағын қамтамасыз етеді;
  10. Активтерді сатып алу және сату жөніндегі іс шаралар жоспарларының орындалуына және уақтылы өзектендірілуіне мониторинг жүргізеді;
  11. Активтерді сатып алу, өткізу, жекешелендіру мәселелері бойынша ақпараттық анықтамаларды дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады;
  12. Департамент әкімшісі болып табылатын шарттардың талаптарын орындауды жүзеге асырады;
  13. Қоғамның іске асырылатын активтері туралы ақпаратты құзыретіне ақпаратты БАҚ-та орналастыру жөніндегі міндетті атқаратын құрылымдық бөлімшеге ұсынады;
  14. Қоғамның және/немесе ЕТҰ веб-сайттарында Активтерді сату туралы ақпараттың уақтылы және толық орналастырылуына мониторингті жүзеге асырады;
  15. Қоғамның уәкілетті органдарының қарауына активтерді сатып алуға, сатуға, ЕТҰ құруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға байланысты мәселелерді (қажетті құжаттар топтамасын, түсіндірме жазбалар мен шешімдер жобаларын, таныстырылм материалдарын және т. б. дайындау) шығару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
  16. ЕТҰ-ны оңтайландыру және қайта құрылымдау мәселелері бойынша ұсыныстар мен қорытындылар дайындауды жүзеге асырады;
  17. Қоғамның және ЕТҰ-ның жарияланған акцияларын орналастыру, ұлғайту үшін қажетті мәселелерді дайындауды, келісуді және Қоғам органдарының қарауына шығаруды қамтамасыз етеді;
  18. Жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша электрондық досье жүргізуді жүзеге асырады (заңдық, қаржылық мәселелерге қатысты ақпарат және басқа да қосымша ақпарат);
  19. Активтерді сату, қайта ұйымдастыру, жаңа заңды тұлғалар құру кезінде Қоғамның уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімдерін алуын қамтамасыз етеді;
  20. Тәуелсіз консультанттарды, бағалаушыларды тарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
  21. Қоғамға тиесілі акциялардың/қатысу үлестерінің есебін жүргізеді;
  22. Қоғам мүддесі үшін Активтерді сату, жаңа заңды тұлғалар құру мәселелері бойынша Инвесторлармен, серіктестермен жүргізілетін келіссөздерге қатысады;
  23. ЕТҰ басқару органдарында (жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша) Қоғам өкілдерінің қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
  24. ЕТҰ ДК/НС қарауына шығарылатын материалдардың сараптамасын қамтамасыз етеді (жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша);
  25. Қоғамның ЕТҰ Директорлар кеңесі мен байқау кеңестерінің (жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша) жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді;
  26. ЕТҰ-да корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша) іске асыруды қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
  27. Басқарма, Қоғамның Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын, ЕТҰ акционері/ қатысушысы ретінде шешім қабылдайтын (жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша) шешім жобалары мен материалдарының уақтылы дайындалуын қамтамасыз етеді;

    1. Қоғам басшылығының тапсырмасы бойынша ЕТҰ акционерлерінің Жалпы жиналыстарына Қоғам өкілі ретінде қатысады;
    2. ЕТҰ жетекшілік ететін корпоративтік хатшылардың жұмысын ұйымдастырады;
    3. Қоғамның компаниялар тобының бірыңғай стандарттарына, саясаттары мен процестеріне сәйкестендіру мақсатында жетекшілік ететін ЕТҰ Жарғыларын өзектендіреді
    4. ЕТҰ ұйымдарын басқару, Қоғам мен ЕТҰ өзара іс-қимылының мәселелерін реттейтін ЖҰӨ әзірлейді және өзектендіреді;
    5. Департамент директорының тапсырмалары бойынша департамент бастамашы болып табылатын сатып алуды жүзеге асыру мәселелері бойынша сатып алу рәсімдерін өткізуді қамтамасыз етеді;
    6. Активтерді басқару мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен және сыртқы контрагенттермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
    7. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның Жалғыз акционерінің сауалдарын өңдеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асырады


Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім (құқықтық/ экономикалық)

  • Қызмет бейініне сәйкес кәсіби саладағы кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі
  • болғаны дұрыс.
  • M&A мәмілелерін ұйымдастыру және өткізу тәжірибесі;
  • Құрылтай құжаттарын, акционерлердің /қатысушылардың келісімдерін және активтерді сатып алу, сату жөніндегі мәмілелерге байланысты өзге де құжаттарды әзірлеу тәжірибесі;
  • Жобалық басқару саласындағы тәжірибе;
  • Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
  • Қызмет бейініне сәйкес заңнаманы білу;
  • Заңды тұлғаларды құру, тарату, қайта ұйымдастыру рәсімдері саласындағы білім;
  • Активтерді бағалау әдістері мен принциптерін білу;
  • Ағылшын тілін білу (құпталады);
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және жүргізілетін рәсімдердің талаптарға сәйкестігі дағдылары;
  • Активті сату бойынша мәмілеге ішкі / сыртқы сараптама жүргізу дағдылары;
  • Іскерлік хат алмасу дағдылары;
  • Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасының негізгі даму бағыттарын айқындайтын «Самұрық-Қазына» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ актілерінің талаптарын білу;
  • Корпоративтік басқару принциптерін білу;
  • ЕТҰ басқару дағдылары.


Қажетті қабілеттер

  • Знание законодательства в соответствии с профилем деятельности;
  • 10) Знание английского языка (желательно);
  • 11) Навыки деловой переписки;
  • Знания методов и принципов оценки активов;
  • 11) Знание принципов корпоративного управления;
  • Опыт взаимодействия с заинтересованными сторонами
  • Навыки управления ДЗО.
  • Опыт организации и проведения сделок M&A;
  • Опыт в сфере проектного управления;
  • Знания в области процедур создания, ликвидации, реорганизации юридических лиц;
  • Навыки проведения внутренней/внешней экспертизы сделки по реализации Актива;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман