«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялар жүйелер» филиалы Солтүстік өңірлік орталығы Өндірістік қамтамасыз ету тобының жетекші инженері

от 358100 KZT
«KEGOC» АҚ Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
79

   Конкурс туралы
Міндеттері: 
  • тауарлық-материалдық қорлар (бұдан әрі – ТМҚ) және материалдық емес активтер (бұдан әрі – МЕА) бойынша материалдық жауапты тұлғаның функцияларын орындайды;
  • материалдарды қабылдауды, сақтауды және есептен шығаруды жүзеге асырады;
  • ТМҚ және негізгі құралдар бойынша қоймалық логистиканы жүзеге асырады, жеткізушілермен жұмыс жүргізеді;
  • шарттарға мониторинг жүргізеді, төлемге дейін жеткізушілер ұсынатын құжаттардың дұрыс ресімделуін тексереді;
  • SAP жүйесінде бекітілген баптар бойынша жылдық сатып алу жоспарының (бұдан әрі – ЖСЖ) өтінімдерін енгізеді;
  • технологиялық автокөлік үшін жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) шығынын бақылайды, ЖЖМ есебін жүргізеді және есептен шығарады;
  • технологиялық автокөлік бойынша жол парақтарын апта сайын ресімдеуді, олардың бақылауын және уақтылы есептілігін жүзеге асырады;
  • азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша жаттығулар мен дәрістердің өткізілуін бақылайды, олар бойынша есептерді ресімдейді және құжаттаманы жүргізеді;
  • SAP ERP жүйесінде бағаларды енгізу үшін тексеруді жүзеге асырады, кураторларға жіберуді, өтінімдерді енгізуді, бұғаттан шығаруды және түзетуді орындайды;
  • СРЦ бойынша еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның функцияларын жүзеге асырады;
  • қауіпсіздік техникасы күндерін (бұдан әрі — ҚТК) өткізуді ұйымдастырады, оны өткізу қорытындылары бойынша құжаттар пакетін әзірлейді, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды, тексерулер актілері мен нұсқамалары бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы Филиалдың ЕҚжҚТ қызметіне есептер ресімдейді;
  • СӨО персоналының біліктілік тексерулерінің (бұдан әрі — БТ) мерзімдерін бақылайды, БТ есебін жүргізеді, емтихан нәтижелері бойынша құжаттар пакетін ресімдейді, БТ өткізу кестелері мен БТ өткізу туралы есептерді Филиалдың ЕҚжҚТ қызметіне ұсынады;
  • СӨО персоналының ҚТЕ, ТПЕ, ӨҚЕ бойынша білімін біліктілік тексеруге қатысады;
  • персоналдың біліктілік куәліктерін және СӨО персоналының қолданыстағы біліктілік куәліктерінің тізімін ресімдейді, куәліктерді беру журналын жүргізеді, медициналық тексеруден өткені туралы жазбаларды ресімдейді;
  • Солтүстік ЖЭТ филиалы электр қондырғыларында жұмыстарды қауіпсіз орындауға (бұдан әрі — ЖҚО) СӨО персоналын жіберу туралы, ЖҚО бойынша нұсқаулар беру туралы, құралдарды, материалдарды, аспаптар мен айлабұйымдарды әкелу және әкету туралы, Филиалға, Солтүстік ЖЭТ филиалы  және үшінші ұйымдарға автокөлікке рұқсатнамалар беру туралы хаттарды ресімдейді; СӨО персоналын жіберу мәселелері бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметтерімен, қауіпсіздік қызметтерімен және үшінші ұйымдардың өткізу бюроларымен өзара іс-қимыл жасайды; СӨО персоналын үшінші ұйымдарға жіберу үшін қажетті ақпарат пен құжаттар пакетін ұсынады;
  • СӨО электр қондырғыларында ЖҚО үшін үшінші ұйымдар персоналын жіберу мәселелерін Солтүстік ЖЭТ филиалы еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметімен пысықтайды; басшылыққа және кезекші персоналға KEGOC «Солтүстік ЖЭТ» филиалының «Персоналды жіберу туралы» өкімдерін және көрсетілген өкімдерде аталған үшінші ұйымдар персоналының Солтүстік ЖЭТ филиалы   ЕҚ және ӨҚ бойынша кіріспе нұсқамадан өткені туралы құжаттардың сканерлерін ұсынады;
  • СӨО персоналының Солтүстік ЖЭТ филиалы ЕҚжӨҚ қызметінде және ТЭС бойынша нұсқамалардан өтуін, сондай-ақ объектілер бойынша жіберу туралы өкімдер мен растау парақтарын ұсынуды бақылайды;
  • Филиалдың СӨО бойынша еңбекті қорғау бюджетін қалыптастырады: арнайы киімге, арнайы аяқ киімге, қорғаныс құралдарына, еңбекті қорғау материалдарына және ЕҚжҚТ қызметтері бойынша өтінімдер ресімдейді, сабынға қажеттілікті есептейді, қолғаптар, биялайлар және медициналық дәрі қобдишаларын алуға тізімдер жасайды, арнайы киім, арнайы аяқ киім және ЖҚҚ алуға арналған нарядтарды ресімдейді; бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізеді, бюджетті түзету үшін құжаттар дайындайды, ішкі аудиттер өткізеді; СӨО-ның бас инженері және ӨҚТ тобының жетекшісімен бірлесіп жылдық ЕҚжҚТ есебін қалыптастырып, Филиалдың ЕҚжҚТ қызметімен келіседі;
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың (бұдан әрі — ҚЕжЕҚН) және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтардың (бұдан әрі — ӨҚН) болуын қамтамасыз етеді, нормативтік және ішкі құжаттарға сәйкестігін және өзектілігін бақылайды; СӨО бас инженері мен топ жетекшілерімен бірлесіп оларды қайта қарайды, келісуге жібереді, өзгерістер туралы хабарламаларды ресімдейді және персоналды таныстырады;
  • қорғаныс құралдарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді: жұмыс орындарын міндетті жарақтандыру тізбелерін қалыптастырады, жеке қорғаныс құралдарының (бұдан әрі — ЖҚҚ) бар-жоғын бақылайды, ЖҚҚ, такелаж құралдарын, слесарлық-монтаждау және электр құралдарын сынақтан өткізуге жіберуді және алуды ұйымдастырады, нәтижелерін тиісті журналдарға енгізеді;
  • СӨО-ның жұмыс орындарын аттестациялау (бұдан әрі — ЖОА) бойынша құжаттар пакетін қалыптастырып, Солтүстік ЖЭТ филиалы ЕҚжӨҚ қызметіне ұсынады, ЖОА жүргізуге қатысады, актілердің дұрыс ресімделуін тексереді, Филиалдың ЕҚжҚТ қызметіне есеп береді;
  • СӨО персоналының жыл сайынғы медициналық тексерулерін және ауысым алдындағы медициналық куәландыруды ұйымдастырады, өкімдер, хаттар және қызметтік жазбалар жобаларын дайындайды, медициналық тексеру құжаттарының талаптарға сәйкестігін бақылайды;
  • Солтүстік ЖЭТ филиалы және Филиалдың өкімдік құжаттары негізінде күзгі-қысқы кезеңге (бұдан әрі — КҚК) дайындық бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлейді;
  • персоналға еңбекті қорғау бойынша оқытуды ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді және тиісті құжаттаманы ресімдейді;
  • СӨО-ның нормативтік-құқықтық және ішкі құжаттар тізбелеріндегі, сондай-ақ персоналды даярлаудың типтік және жеке бағдарламаларындағы құжаттардың сәйкестігі мен өзектілігін бақылайды, бағдарламаларды келісуге ұсынады;
Филиал, СӨО және Солтүстік ЖЭТ филиалы  бойынша ЕҚжҚТ құжаттарының ақпараттық стендтерде уақтылы жаңартылуын бақылайды.

Талаптары:
Электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ біліктілік тобына ие болуы тиіс.

Шарттары:
Жұмыскердің жұмыс орны Павлодар облысы Екібастұз қаласы Әуезов к-сі, 126, мекенжайы бойынша «KEGOC» АҚ «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының әкімшілік ғимаратында орналасқан.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)