"Бірінші жел электр станциясы" ЖШС- нің бас директор

«Qazaq Green Power PLC» қоғамдық компаниясы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
347

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Серіктестікті басқарады;
  • сенімхатсыз Серіктестіктің атынан үшінші тұлғалармен қатынастарда әрекет етеді, Серіктестіктің атынан өкілдік ету құқығына сенімхаттар береді, оның ішінде қайта сенім беру құқығымен;
  • Серіктестіктің атынан мәмілелер жасайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Бақылау кеңесі қабылдаған шешімдер негізінде Серіктестіктің атынан Бас директордың орынбасарларымен, бас бухгалтермен еңбек шарттарын жасасады, сондай-ақ оларды ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
  • бекітілген жалпы штат саны шегінде Серіктестік қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады, қызметкерлердің еңбекақы төлеу жүйесін айқындайды, Серіктестіктің штат кестесіне сәйкес қызметкерлердің лауазымдық жалақыларының мөлшерін және жалақыға жеке үстемеақыларды белгілейді, сондай-ақ қызметкерлердің сыйақыларының мөлшерін айқындайды;
  • Бас директордың орынбасарлары арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер мен жауапкершілік салаларын бөледі;
  • Серіктестіктің жұмыс режимін белгілейді;
  • Серіктестіктің ағымдағы және перспективалық жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Серіктестіктің жұмысы үшін Қатысушы мен Бақылау кеңесі алдында жауап береді;
  • Серіктестіктің және оның бөлімшелерінің банктік және басқа да шоттарын ашады;
  • Серіктестіктің қызметін ұйымдастыруға бағытталған ішкі құжаттарды бекітеді, Бақылау кеңесі мен Серіктестік Қатысушысы бекітетін құжаттарды қоспағанда;
  • бұйрықтар шығарады, өкімдер береді;
  • Серіктестіктің қызметін ұйымдастыруға бағытталған ішкі құжаттарды бекітеді, Бақылау кеңесі мен Серіктестік Қатысушысы бекітетін құжаттарды қоспағанда;
  • бекітілген бизнес-жоспар, бюджет және даму жоспары шеңберінде Серіктестіктің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді;
  • белгіленген тәртіппен, Бақылау кеңесімен келісілгеннен кейін, Серіктестіктің демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсетуі туралы шешім қабылдайды;
  • Бақылау кеңесі мүшелеріне жүктелген функцияларды орындау барысында Серіктестіктің қызметі туралы, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты жазбаша сұрау алынған сәттен бастап 10 (он) күннен кешіктірмей уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • Бақылау кеңесімен келісілгеннен кейін Серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Серіктестік қызметкерлерін мүліктік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды;
  • Серіктестіктің Қатысушысы мен Бақылау кеңесінің шешімдерін іске асырады;
  • Серіктестіктің ішкі қызметінің өндірістік мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
  • Серіктестіктің атынан сот немесе төрелік талқылауларды бастамашылық етеді және оларға қатысады;
  • Серіктестіктің ағымдағы қызметіне қатысты, Қатысушының және Бақылау кеңесінің айрықша құзыретіне жатпайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және Серіктестіктің Жарғысына қайшы келмейтін өзге де барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Талаптар:

  • Менеджмент / экономика / қаржы / құқық саласында жоғары білім немесе бейіндік техникалық жоғары білім.
    • Кәсіби салада кемінде 8 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
    • Өндірістік компанияларда басшылық лауазымдарда және/немесе «Самұрық-Қазына» АҚ тобы ұйымдарында, мемлекеттік қызметте немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 5 жыл басшылық жұмыс тәжірибесінің болуы;
    • Басқару (менеджмент) саласында қосымша білімнің болғаны құпталады;
    • Соңғы 3 жыл ішінде саяси лауазымдарды атқаруға байланысты беделдік тәуекелдердің болмауы;
    • Компанияның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективалары, стратегиясы және басымдықтары туралы білім;
    • Қазақ және орыс тілдерін білу, сондай-ақ ағылшын тілін білгені жөн;
    • Компания қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындауға байланысты актілерді білу;
    • Саланың жаһандық трендтерін білу, Қазақстан Республикасы және Компанияның серіктес елдері нарығының конъюнктурасын түсіну;
    • Ірі энергетикалық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі;
    • Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникабельділік — ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында келісімге келу және конструктивті диалог жүргізе білу;
    • Келіссөздер жүргізу дағдылары (сендіре білу, өзара тиімді шешім табуға бағдарлану) және коммуникациялық дағдылар (жоғары деңгейдегі басшылармен қарым-қатынас жасау);
    • Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті өз мойнына алу;
    • Өзін-өзі дамытуға, трансформацияға және өзгерістерге бейімділік;
    • Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этиканың өзге де қағидаларын қатаң сақтау).