НЕ ВАХТА_Бериллий өндірісі. 4-6 разрядты аппаратшы (№ 51-13-12/971 от 19.02.2026) - 1 ед., г. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
БӨ 4-разрядты аппаратшысы орындай білуі тиіс: - «Whiting» пешінде балқыту, СМЖ-3,5 пешінде қайта балқыту процесін жүргізу; - балқыту үшін материал дайындау; - берілген құрам бойынша шихта жасау; - материалдарды пештерге, реакторларға, бактарға беру және толтыру; - температураны бақылау; - технологиялық жабдыққа қызмет көрсету және оны жөндеуге қатысу; - ерітінділерді айдау. БӨ 5-разрядты аппаратшысы қосымша орындай білуі тиіс: - пештерді балқытуға дайындау, пештерді іске қосу және тоқтату; - технологиялық процестерді жүргізудің ұтымды режимін қамтамасыз ету; - балқыту өнімдерінің, отқа төзімді материалдардың сапасын, жекелеген операцияларды жүргізу уақытын анықтау; - технологиялық жабдыққа қызмет көрсету, оның техникалық жай-күйін бақылау; - сынама алуды жүргізу. БӨ 6-разрядты аппаратшысы қосымша орындай білуі тиіс: - пештер мен қосалқы жабдықтарды басқару; - бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау деректері бойынша пештердің жұмыс режимін реттеу, айналым материалдарын қосу арқылы процестерді түзету; - балқытуға дайындығын анықтау; - жабдықтың жұмыс көрсеткіштерін жазу; - келесі ауысым үшін қалыпты жұмысты қамтамасыз ету; - шығарылатын өнімнің сапасын бақылау.Білім:
жалпы орта және кәсіптік даярлықтан төмен емесДағдылар:
БӨ 4-разрядты аппаратшысы білуі тиіс: -қызмет көрсетілетін жабдықтардың, тиеу-түсіру механизмдерінің және басқа жабдықтардың құрылысы; - ауа, газ, бу, су және басқа коммуникациялардың схемалары; - химия негіздері, балқыту өнімдерінің негізгі қасиеттері; - балқыту өнімдеріндегі металды алуға және оның құрамына әсер ететін факторлар; - пештерді жөндеу технологиясы; - дайын өнімге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар; - өндірістік процестердің технологиясы. БӨ 5-разрядты аппаратшысы білуі тиіс (қосымша): - шихта компоненттері мен балқыту өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар; - технологиялық операциялардың химиялық реакциялары; - жұмыстағы ақауларды анықтау және жою әдістері; - пештерді іске қосу және тоқтату ережелері; - отқа төзімді материалдардың түрлері мен қасиеттері; - пешке шихтаны тиеу кестесі, өндірістік процестің температуралық режимі; - өнімнің ақауының алдын алу тәсілдері; - дайын өнімнің құрамы мен қасиеттері. БӨ 6-разрядты аппаратшысы білуі тиіс (қосымша): - қызмет көрсетілетін жабдықтың конструктивтік ерекшеліктері; - құбырлар мен газ құбырларының схемалары; - технологиялық процестің барысына әсер ететін факторлар; - пештердің өнімділігі; - шикізат пен балқыту өнімдеріндегі металдың құрамын анықтау тәсілдері; - химия және металлургия негіздері; - дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар БӨ 4,5,6 разрядты аппаратшысы қосымша білуі тиіс: - «ҮМЗ» АҚ-да өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік актілерде қолданылатын талаптар; - жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері; - «ҮМЗ» АҚ қолданылатын менеджмент жүйесінің талаптары (МЖЖ, ҚОМЖ, ДҚжЕҚҚМЖ, ЭНМЖ); - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі; - ҚР еңбек заңнамасының негіздері; - Өндіріс экономикасы.Қосымша:
Еңбек жағдайларының сипаттамасы: адам ағзасына қышқылдар мен сілтілердің зиянды әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары; адам ағзасына бериллий мен оның қосылыстарының өте зиянды әсерінен болатын 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары. Жұмыс режимі және демалыс: жұмыс және демалыс тәртібі: аптасына 36 сағат және демалыс күндері сенбі және жексенбі немесе бекітілген ауысым кестесіне сәйкес Лауазымдық жалақының мөлшері: 4 разряд 148 630 теңгеден бастап 308 198 теңгеге дейін; 5 разряд 163 493 теңгеден бастап 339 018 теңгеге дейін; 6 разряд 179 842 теңгеден бастап 372 920 теңгеге дейін.Білетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
НЕ ВАХТА_Қойма шаруашылығы. 4 разрядты тиеу-түсіру жұмыстарындағы кешенді бригаданың механизаторы (№ 60-02-05/1112 от 24.04.2026) - 1 ед., г. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
14.05.2026 | 202
4-5-6 разрядты вахта емес аппаратшы Өскемен қ. № 10 тантал өндірісі цехының № 4 бөлімшесі (08.04.2026 ж. № 78-11-07/2585) - 1 бірлік.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
14.05.2026 | 165
ВАХТА ЕМЕС_Энергетикалық орталықтың электр желілер мен қосалқы станциялар учаскесінің электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4-5-6-разрядты электрмонтері (31.03.2026 № 50-06-12э/1046 - 1 бірлік), Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
14.05.2026 | 228