Капиталдық құрылысты бақылау жөніндегі дирекцияның Жоба үйлестірушісі

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
367

   Конкурс туралы
Функционалдық міндеттері:

  • Қоғамның капиталдық құрылыс саласындағы стратегиялық инвестициялық бастамаларын іске асыруға қатысу;
  • Капиталдық құрылыс инвестициялық жобаларын іске асыруды үйлестіру және мониторинг жүргізу, оның ішінде объектілерді пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуын бақылау;
  • Стратегиялық шешімдер қабылдау үшін инвестициялық жобалар бойынша талдамалық материалдар дайындау;
  • Инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жабдықтарды дайындау кестелерінің орындалуын мониторингтеу;
  • Жобаларды іске асырудың бекітілген кестелерге, бюджеттерге және жобалық құжаттамаға сәйкестігін мониторингтеу;
  • Қоғамның капиталдық жобаларын қаржыландыруды ұйымдастыру және инвестициялар тарту мәселелері бойынша инвесторлармен, қаржы институттарымен және консультанттармен кездесулерге қатысу және қажет болған жағдайда ұйымдастыру;
  • Халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен іске асырылатын жобалар бойынша заңнамалық талаптардың, нормалар мен қағидалардың және келісім шарт талаптарының сақталуын мониторингтеу;
  • Жобалардың Қоғамның инвестициялық саясаты мен Стратегиясының талаптарына сәйкестігін бақылау және мониторингтеу;
  • Қоғамның еншілес ұйымдарымен жаңа жобалар бойынша инженер-тапсырыс беруші және заң консультанттарының қызметтерін сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл жасау;
  • Капиталдық жобаларды бағалау және іске асыруға байланысты жұмыстарды орындау кезінде сыртқы консультанттармен, инженер-тапсырыс берушімен және заң консультанттарымен жұмысты ұйымдастыру;
  • Инвестициялық жобалар бойынша тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру, оның ішінде тәуекелдерді анықтау, олардың мерзімдерге, құнға және сапаға әсерін бағалау, сондай-ақ оларды төмендету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мониторингтеу;
  • Инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты көрсеткіштерінің бекітілген күнтізбелік кестелер мен бюджеттерден ауытқуын талдау және түзету шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Капиталдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстарды орындау кезінде акционермен, серіктестермен, мердігерлермен, кредиторлармен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен, сыртқы консультанттармен, сондай-ақ инженер-тапсырыс берушімен және заң консультанттарымен өзара іс-қимыл жасау;
  • Инвестициялық саясат пен инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
  • Қоғамның және еншілес ұйымдардың даму стратегиясын, инновациялық-технологиялық стратегиясын, инвестициялық бағдарламасын, даму жоспарын және өзге де даму құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • Капиталдық жобалар бойынша қаржылық модельдерді, жобалардың жол карталарын және өзге де құжаттарды келісуді қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу;
  • Инвестициялық жобаларға енгізілетін өзгерістерді жүйелі басқаруды қамтамасыз ету, оның ішінде өзгерістер бойынша ұсыныстарды жинақтау, олардың мерзімдерге, құнға және техникалық параметрлерге әсерін талдау, сондай-ақ бекітілген шешімдердің орындалуын мониторингтеу;
  • Жобалық комитеттерде қарау үшін инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша материалдарды (мерзімдер, бюджет, тәуекелдер және негізгі көрсеткіштер туралы деректерді қоса алғанда) дайындауды және ұсынуды ұйымдастыру;
  • Еншілес ұйымдар ұсынатын материалдардың ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтамасыз ету;
  • Инвестициялық жобаларды басқару тиімділігін арттыру мақсатында Жобалық кеңсемен жүйелі өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, оның ішінде мониторинг, есептілік және тәуекелдерді басқару процестерін үйлестіру;
  • Инвестициялық жобалар портфелінің мониторингін ұйымдастыру, негізгі көрсеткіштерді талдау, ауытқуларды анықтау және басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Жобалар портфелінің жай-күйі туралы айлық/тоқсандық/жартыжылдық мониторингтік есептерді қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылын үйлестіру;
  • Қоғамның және еншілес ұйымдардың инвестициялық қызметі бойынша презентациялар, есептер және анықтамалар дайындау;
  • Инвестициялық жобалар портфеліндегі бизнес-бастамаларды басымдыққа қою және рейтингтеу үшін деректерді жинау және талдауды ұйымдастыру;
  • Қоғамдағы капиталдық құрылыс бойынша жұмыстардың орындалуын мониторингтеу, инвестициялық ресурстардың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • Капиталдық құрылыс, реконструкциялау және кеңейту жоспарларын әзірлеуге және өзектендіруге қатысу;
  • Инвестициялық жобалардың тиімділік көрсеткіштері бойынша жиынтық талдамалық кесте қалыптастыру;
  • Капиталдық жобаларды іске асыруды мониторингтеу, техникалық қайта жарақтандыру және өндіріс тиімділігін арттыру бөлігінде бизнес-жоспарларды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ қаржыландыру көздерін анықтау;
  • Пайдалану кезеңіне өткен инвестициялық жобалар бойынша мониторинг жүргізу;
  • Жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша мердігерлік шарттар жасасуға арналған материалдарды дайындауға қатысу;
  • Құрылыс бөлігінің іске асырылуын мониторингтеу (мерзімдер, бюджет параметрлері және бекітілген жобалық шешімдер бойынша), оның ішінде жобалық-сметалық құжаттаманың уақтылы дайындалуын бақылау;

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім (экономикалық, қаржылық, инженерлік-техникалық).
  • Жобаларды басқару саласында халықаралық кәсіби сертификаттың болуы: PMBOK, РМА, IPMA (қалаулы).
  • Қызмет бағытына сәйкес кәсіби салада кемінде 7 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі.
  • Қызмет бағытына сәйкес басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі, Таланттар пулына кіретін қызметкерлерді немесе Қоғамда кемінде 3 жыл жұмыс істеген қызметкерлерді (ішкі кандидаттарды) қоспағанда.
  • Инвестициялық бағдарламаларды қарау және олар бойынша капиталдық шығындар бөлігінде қорытындылар дайындау тәжірибесі;
  • Инвестициялық жобаларды жинақтау, талдау және оларды мүдделі тараптармен келісуді ұйымдастыру тәжірибесі;
  • Капиталдық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша акционермен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
  • Инвестициялар, жобалар және жөндеу жұмыстарын басқару процестерін автоматтандыру тәжірибесінің болғаны құпталады;
  • Компанияларда капиталдық құрылыс, жөндеу және жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз ету саласындағы саясаттарды әзірлеу және басқару бойынша білім;
  • Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері мен құралдарын білу;
  • Жобалау және құрылыс саласын реттейтін құжаттарды білу;
  • Құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер мен техникалық құжаттарды білу;
  • Ағылшын тілін білу;
  • Іскерлік хат алмасу дағдылары;
  • Компаниялардың капиталдық құрылысы мен жөндеу жұмыстары бойынша технологиялық карталар мен нормативтік анықтамалықтардың құрылымын қалыптастыру және басқару дағдылары;
  • Капиталдық құрылыс бойынша мониторинг жүргізу және есептілік дайындау дағдылары;
  • Капиталдық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша акционермен, серіктестермен, мердігерлермен, кредиторлармен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен, сыртқы консультанттармен өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
  • Мүдделі тараптармен тиімді келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • Жобалық топтарды/командаларды қалыптастыру және басқару дағдылары;

Қажетті қабілеттер

  • 12) Коммуникативные и презентационные навыки.
  • 6) Навыки ведения эффективных переговоров с заинтересованными сторонами
  • 6) Знание методов и инструментов оценки инвестиционных проектов;
  • 7) Знание документов, регулирующих проектирование и строительство;
  • 8) Знание государственных нормативов и технических документов в строительстве;
  • 9) Знание английского языка;
  • 10) Навыки деловой переписки;
  • 12) Навыки мониторинга и подготовки отчетности по капитальному строительству
  • Навыки формирования и управления проектными группами/командами;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман