Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
81

Қаралған саны:
974

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Тәуекелге бағдарланған жылдық аудиторлық жоспарды қалыптастыруға қатысу;
  • Жоспарлы және жоспардан тыс аудиторлық тексерулерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
  • Аудиторлық тапсырмалар бағдарламаларын (қамту көлемі, мерзімдер, ресурстар, тәуекелдер) әзірлеу және келісу;
  • Аудиторлық рәсімдерді үйлестіру және орындау, аудиторлық дәлелдемелерді жинау мен талдауды бақылау;
  • Аудиторлық есептерді қалыптастыру және тексеру (толықтығы, дұрыстығы, сапасы);
  • Анықталған бұзушылықтарды жою және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • Түзету іс-шаралары жоспарларын қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау;
  • Тәуекелдерді бағалау, оның ішінде алаяқтық тәуекелдерін бағалау, тергеп-тексерулерге қатысу;
  • Бизнес-процестерді талдау және олардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін айқындау;
  • Басшылыққа және құрылымдық бөлімшелерге консультациялық қолдау көрсету;
  • Ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен, оның ішінде аудиторлармен және консультанттармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Ішкі аудит әдіснамасын және ішкі регламенттерді дамытуға қатысу;
  • Ішкі аудит қызметінің есептілігін қалыптастыруға қатысу;
  • Аудиторлық тексерулерге қатысушылардың жұмысын үйлестіру және қойылған міндеттердің орындалуын бақылау.


Талаптар:

  • Экономика және қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит немесе құқық салалары бойынша жоғары білімінің болуы;
  • Аудит, қаржы, бухгалтерлік есеп, IT немесе құқық салаларында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • ҚЕХС (МСФО) және ішкі аудиттің халықаралық стандарттарын білуі;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі (аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу, еңбек құқығы және өзге де);
  • Аудиторлық тексерулер жүргізу және алаяқтық фактілерін тергеп-тексеру бойынша расталған тәжірибесінің болуы;
  • Ішкі аудит әдіснамасын әзірлеу және қолдану тәжірибесі;
  • Бизнес-процестерді, ішкі бақылау жүйелерін және тәуекелдерді басқаруды талдау дағдылары;
  • Бақылау рәсімдерін енгізу және оңтайландыру тәжірибесі;
  • Корпоративтік басқару қағидаттарын түсіну;
  • Алаяқтық тәуекелдерін және мүдделер қақтығысын басқару тәсілдерін білу;
  • Аудиттің автоматтандырылған әдістерін қолдану дағдылары;
  • Телекоммуникация саласының ерекшелігін түсіну (құпталады);
  • Құпия ақпаратпен жұмыс істеу қабілетінің болуы.

 
Еңбек жағдайлары:

  • Қазақстан Республикасының ірі телекоммуникациялық компаниясында жұмыс істеу;
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • Жұмыс режимі: бес күндік жұмыс аптасы (5/2), 8 (сегіз) сағаттық жұмыс күні;
  • Жалақының уақтылы төленуі;
  • Әлеуметтік пакет;
  • Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы — 30 (отыз) күнтізбелік күн;
  • Еңбек демалысына материалдық көмек көрсету.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман