«KEGOC» АҚ Жасанды интеллект және деректерді басқару департаменті деректерді басқару бөлімінің бас сарапшысы

от 934000 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
224

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. «KEGOC» АҚ-да деректерді басқару тәсілдерін әзірлейді, енгізеді және жетілдіреді;
  2. деректерді басқару бөлігінде АКК (ақпараттық-телекоммуникациялық кешен) дамыту бағдарламаларын әзірлейді және өзектендіреді;
  3. деректерді басқару процестері мен құралдарын енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіреді, жоспарлайды және ұйымдастырады;
  4. деректерді басқару процестерін жетілдіру және өзгерту бойынша Департамент директорына ұсыныстар енгізеді;
  5. тиімді деректер архитектурасын әзірлейді және оның өзектілігін қамтамасыз етеді;
  6. деректер архитектурасының «KEGOC» АҚ-ның бизнес-процестері, қосымшалары және инфрақұрылымы архитектурасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
  7. корпоративтік есептілік пен талдау үшін деректер құрылымына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Компанияның ақпараттық жүйелері арасындағы деректерді интеграциялау қағидаттарын айқындайды;
  8. деректерді басқару мәселелері бойынша «KEGOC» АҚ бөлімшелерінің қызметкерлерімен және филиалдарының жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасайды;
  9. деректерді басқару процестерінің «KEGOC» АҚ-ның корпоративтік және өндірістік процестерімен интеграциясын қамтамасыз етеді;
  10. деректерді басқару саласында, оның ішінде әртүрлі деректер түрлері мен қолданылатын арнайы қосымшалар бойынша сараптаманы қалыптастырады және дамытады;
  11. деректерді басқару процестері бойынша қажетті әдістемелік құжаттама мен ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
  12. компания қызметкерлерінің деректерді басқару процестері туралы хабардарлық деңгейін арттыруға жауап береді және компанияның барлық бизнес-процестерінде деректерді басқару тәсілдерінің қолданылуын қамтамасыз етеді;
  13. деректер сапасына жауапкершілікті деректер иелері арасында бөледі, өңделетін деректер сапасын арттыру мақсатында Компанияның ақпараттық жүйелерінің жұмысын оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
  14. бизнес талаптары негізінде «KEGOC» АҚ ақпараттық жүйелерінде сақталатын барлық деректер түрлерінің сапасын мониторингтеу және жақсарту бойынша іс-шаралар кешенін жоспарлауды, үйлестіруді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
  15. деректерді басқару бөлігінде мүдделер қақтығыстарын шешеді, қажет болған жағдайда оларды Департамент директорына және «KEGOC» АҚ басшылығына эскалациялайды;
  16. ақпараттық жүйелерді енгізу жобаларына деректерді басқару әдіснамасы мен процестері мәселелері бойынша қатысады;
  17. деректердің шығу тегін сипаттау (data lineage) процестерін және деректер көздері, деректер витриналары, көрсеткіштер мен аналитикалық және ЖИ шешімдеріне арналған деректер жиындары арасындағы өзара байланыстарды енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді;
  18. деректерді басқарудағы рөлдер мен жауапкершілік моделін (деректер иелері, Компанияның құрылымдық бөлімшелеріндегі деректер сапасына жауапты тұлғалар) ұйымдастырады, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;
  19. ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп деректерге қол жеткізу саясатын, деректерді жіктеуді және оларды қорғау талаптарын қалыптастыруға қатысады;
  20. «KEGOC» АҚ ақпараттық жүйелерінде деректердің өмірлік циклін (құру, сақтау, архивтеу және жою) басқаруды қамтамасыз етеді;
  21. аналитикалық шешімдер, цифрлық егіздер және жасанды интеллект негізіндегі шешімдер үшін деректерді дайындауды және басқаруды қамтамасыз етеді;
  22. деректерді басқару процестерін дамыту және жетілдіру жобаларын басқаруды жүзеге асырады, оның ішінде жұмыстарды жоспарлау, үйлестіру және орындауды бақылау;
  23. «KEGOC» АҚ Тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі нұсқаулыққа (Р СУР KEGOC 00-200-14-СД) сәйкес Тәуекел-үйлестіруші функцияларын орындайды.

 

Талаптар:

  • Білімі: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; бизнес, басқару және құқық бағыттары бойынша жоғары білім.
  • Ақпараттық технологиялар, есептеу техникасы, деректерді басқару, жасанды интеллект саласында жұмыс тәжірибесі – кемінде 6 жыл.
  • Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – кемінде 1 жыл (құпталады).
  • Қызмет бағыты бойынша тиісті сертификаттардың болуы.

Қосымша талаптар:

  • Тілдерді білуі: орыс және қазақ тілдері, ағылшын тілі (құпталады).

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Ақпараттық технологиялар және деректерді басқару саласында теориялық/академиялық білім.
  • Деректерді/ақпаратты басқару саласындағы сараптама, мастер-деректерді және анықтамалық деректерді басқару, деректер сапасы және корпоративтік контентті басқару негіздері.
  • SAP ERP жүйесінде жұмыс тәжірибесі.
  • Жоғары деңгейдегі коммуникациялық дағдылар, келіссөздер жүргізу тәжірибесі.
  • Презентацияларды дайындау және өткізу дағдылары.
  • Деректерді басқару, ақпараттық технологиялар және жобаларды басқару салаларындағы озық және халықаралық тәжірибелер бойынша терең білім.
  • Ақпараттық технологиялар мен деректерді басқару бойынша саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу және енгізу бойынша табысты тәжірибе.

 

 

          Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 3 сәуірге дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті қабілеттер

  • Информационные технологии