«KEGOC» АҚ Жасанды интеллект және деректерді басқару департаменті жасанды интеллектті дамыту тобының ЖИ интеграциясы және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жөніндегі менеджері

от 461700 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
151

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. ЖИ шешімдерін корпоративтік жүйелермен (СЭҚ, SAP, BI, порталдар) интеграциялауды ұйымдастырады;
  2. ЖИ-агенттер мен модельдердің өнеркәсіптік пайдалануға берілуін қамтамасыз етеді;
  3. ЖИ шешімдерінің API және сервистік өзара іс-қимылын баптауды үйлестіреді;
  4. Модельдер мен ЖИ-агенттер үшін CI/CD процестерін (үздіксіз интеграция және үздіксіз орналастыру) ұйымдастырады;
  5. ЖИ жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі мен өнімділігін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
  6. ЖИ шешімдерінің масштабталуын және есептеу ресурстарын пайдалануды бақылайды;
  7. Инфрақұрылымды (GPU, IaaS, контейнерлеу) таңдауға және пайдалануға қатысады;
  8. ЖИ шешімдерінің нұсқаларын басқаруды қамтамасыз етеді;
  9. ЖИ жұмысына қатысты инциденттер мен ақауларды жоюға қатысады;
  10. IT-қызметтермен және инфрақұрылым жеткізушілерімен өзара әрекеттеседі;
  11. ЖИ шешімдерін өнеркәсіптік іске қосуға дайындауды қамтамасыз етеді;
  12. ЖИ-сервистердің пайдаланылуы мен қолжетімділігі бойынша есептілікті дайындайды;
  13. ЖИ шешімдерін тестілік, пилоттық және өнеркәсіптік орталарда орналастыру процестерін баптауды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, соның ішінде конфигурациялар мен пайдалану параметрлерін басқару;
  14. ЖИ шешімдері мен сервистерін пайдалану бойынша регламенттерді, нұсқаулықтарды және рәсімдерді әзірлеуге және енгізуге қатысады;
  15. ЖИ шешімдерін пайдалану кезінде ақпараттық қауіпсіздік, істен шығуға төзімділік және қолжетімділік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
  16. ЖИ-сервистердің пайдалану метрикаларын (жауап беру уақыты, қолжетімділік, ресурстар жүктемесі, жұмыс тұрақтылығы) жинауды және талдауды ұйымдастырады, сондай-ақ пайдалануды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  17. ЖИ шешімдерінің тұрақты жұмысын және масштабталуын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым мен есептеу ресурстарының сыйымдылығын жоспарлауға қатысады;
  18. ЖИ шешімдеріне өзгерістер мен жаңартулар енгізу кезінде әзірлеу, MLOps, Data Engineering және IT-пайдалану командаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
  19. Жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу және дамыту жобаларын басқаруды жүзеге асырады, соның ішінде жоспарлау, үйлестіру және жұмыстардың орындалуын бақылау.

 

Талаптар:

  • Білімі: ақпараттық технологиялар, информатика, экономика, бизнес, басқару және құқық бағыттары бойынша жоғары білім.
  • Ақпараттық технологиялар, есептеу техникасы, деректерді басқару және жасанды интеллект саласында жұмыс тәжірибесі – кемінде 3 жыл.

Қосымша талаптар:

  • Тілдерді білуі: орыс және қазақ тілдері, ағылшын тілі (құпталады).

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Жоғары деңгейдегі коммуникациялық дағдылар, келіссөздер жүргізу тәжірибесі.
  • Презентацияларды әзірлеу және өткізу дағдылары.
  • Аналитикалық және интеллектуалдық сервистерді интеграциялау және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу саласындағы білім мен тәжірибе.
  • Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы озық және халықаралық тәжірибелер бойынша білім.

 

          Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 3 сәуірге дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті қабілеттер

  • Информационные технологии