«Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының қаржы-экономикалық секторының бас маманы

«Қазпошта» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
235

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1. Бюджеттеу департаментінен (бұдан әрі – ДБ) алынған жоспарланатын жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдарын филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу.
2. Филиалдың құрылымдық бөлімшелері ұсынған, қаржылық жауапкершілік орталықтарымен (бұдан әрі – ҚЖО) келісілген функционалдық табыстар мен шығыстар бюджеттері жобаларына сараптама жүргізу және филиал бойынша жиынтық табыстар мен шығыстар бюджетін қалыптастыру.
3. Филиал бойынша табыстар мен шығыстар бюджетінің деректерін «Hyperion Planning» бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесіне (бұдан әрі – НР БҚ) енгізу.
4. Бюджеттеу әдістемесінің талаптарына сәйкес есептеулермен, түсіндірмелермен және түсіндірме жазбамен бірге филиалдың жиынтық табыстар мен шығыстар бюджетін ДБ-ға ұсыну.
5. ҚЖО-мен бірлесіп НР БҚ жүйесіне енгізілген филиалдың табыстар мен шығыстар бюджетін сараптау. Өзгерістер болған жағдайда – ҚЖО ескертулерін ескере отырып, жаңартылған бюджетті НР БҚ-ға енгізу және ДБ-ға ұсыну.
6. ДБ-дан төлемдердің операциялық жоспарын (касса) және Қоғам Басқармасы бекіткен есептелген табыстар мен шығыстар бюджетін алу.
7. Филиалдың құрылымдық бөлімшелері ұсынған деректерге сәйкес бюджетті бекіту және оны орындау үшін аудандық/қалалық пошта байланысы тораптарына (бұдан әрі – Р(Қ)ПБТ) жеткізу (қажет болған жағдайда пошта бөлімшелеріне дейін).
8. Жауапты құрылымдық бөлімшелер ұсынған филиалдың сатып алу жоспарын бекітілген бюджетке сәйкестігіне келісу.
9. Филиалдың ішкі талаптарына сәйкес құрылымдық бөлімшелерден бюджетті түзетуге өтінімдер алу.
10. Ұсынылған материалдарға талдау/сараптама жүргізу және бюджеттік сыныптама кодын (бұдан әрі – БСК) айқындау.
11. Бюджетке түзетулер жобаларын дайындау және оларды ДБ мен тиісті ҚЖО-ларға келісуге жіберу.
12. Бекітілген түзетулерді филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу.
13. Филиал бойынша және Р(Қ)ПБТ бөлінісінде ай сайын бюджеттің орындалуы туралы есеп (факторлық талдау) дайындау.
14. Филиал басшылығы үшін қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы жедел ақпарат дайындау.
15. Кассалық және есептелген бюджет арасындағы ай сайынғы салыстырмалы талдау жүргізу.
16. Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес пошта байланысы бөлімшелерінің рентабельділігін есептеу және жинақтау.
17. Бекітілген бюджет шегінде күнделікті БСК тағайындау.
18. Ағымдағы шығындардың кассалық бюджетінің орындалуына күнделікті бақылау жүргізу.
19. Бөлек есепке алу шеңберінде уақтылы және дұрыс деректер ұсыну.
20. Бөлімшелер мен қызметтер бөлінісінде рентабельділік бойынша деректерге талдау жүргізу.
21. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдері бойынша Р(Қ)ПБТ ұсынған ақпаратты жинау және талдау.
22. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдері бойынша есепті байланыс бөлімшелері бөлінісінде есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейін ұсыну.
23. «Colvir» бағдарламасында «Тіркелген пошта жөнелтілімдері, қаржылық және агенттік қызметтер бойынша статистикалық есеп» есебіндегі ақпараттың толық көрсетілуін талдау және тексеру.
24. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің сайтында (www.stat.gov.kz) онлайн режимде уақтылы және дұрыс есептілік ұсыну:
- ай сайын «Пошта және курьерлік қызметтер және байланыс қызметтері туралы есеп (3-байланыс нысаны)»;
- жыл сайын «Пошта және курьерлік қызметтер туралы есеп (1-байланыс нысаны)».

Талаптар:

  • Бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе экономика, және/немесе қаржы, және/немесе менеджмент саласы профилі бойынша жоғары және/немесе арнайы орта білім
  • Экономикалық талдау, және/немесе қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп , және/немесе банк саласында және/немесе "Қазпошта" АҚ кем дегенде 1 жыл.

Шарттар:

  • Демалыс күндері – сенбі және жексенбі бар бес күндік жұмыс аптасы, күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс күні, ауысым) 8 (сегіз) сағат, дүйсенбіден жұмаға дейін 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалыс және тамақ ішу үшін үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін
  • Атырау қаласы, Абай көшесі 6 үй