Екібастұз қ. "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Материалдық-техникалық жабдықтау және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің Орталық қойманың меңгерушісі

332 800 - 332 800 KZT
«KEGOC» АҚ Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
306

   Конкурс туралы
Міндеттері:

1) тауар-материалдық қорларды (бұдан әрі - ТМҚ) қабылдау, сақтау және босату жөніндегі, қойма алаңдарын неғұрлым ұтымды пайдалануды, қажетті материалдарды, мүкәммалды және т.б. іздестіруді жеңілдету мен жеделдетуді ескере отырып, оларды орналастыру жөніндегі қойманың жұмысына басшылық жасауға;

2) Сақталатын ТМҚ-ның сақталуын қамтамасыз етеді;

3) қойманы және ТМҚ сақтау аумағын ашу кезінде күн сайын мыналарды тексеріп қарайды: қойма үй-жайларының, бақылау құлыптарының, пломбалардың және т.б. тұтастығын; бұзылу анықталған немесе ТМҚ ұрлығына күдік туындаған жағдайда дереу кезекші күзетшіні шақырады, Қызмет бастығы және

Қауіпсіздік тобына хабарлайды;

    4) қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін сақтай отырып,  қоймада жүк тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастырады;

5) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінен ТМҚ алуға тоқсандық өтінімдерді сұратады;

6) SAP «Enterprise Resource Planning» жүйесінің мынадай бөлімдеріне ақпаратты енгізеді: «Materials Management» Сатып алуды және материалдық ағындарды басқару», кіші бөлімі: SAP ERP – Кәсіпорынды басқару жүйесі – Мандант 300 Продуктив:

ТМҚ-ды Орталық қоймадан құрылымдық бөлімше қоймасына ауыстыру:

- UB өтінімдерін (ППМ ішкі ауыстыруға арналған өтінімдер) МЕ5А транзакциясына жүктеу;

- ауыстыру тапсырысын (ZUB1) және филиалдар аралық жеткізілімді (ZUB2) МЕ21N және МЕ29N транзакцияларында жасау, жеткізілім тапсырысын бұғаттан шығару;

- материалдарды VL02N транзакциясында жөнелту;

- ішкі ауыстыруға арналған жүкқұжат материалды есепке алу үшін бухгалтерияға тасырылады;

МВ52 қоймадағы қорлардың тізімі;

ZMM37OPERATIONS операциялар бойынша есеп

ME2L ТМҚ ауыстыру бойынша орындалмаған тапсырыстарды іздестіру;

7) материалдық құндылықтарды тек тиісті түрде ресімделген құжаттар болған жағдайда ғана береді;

8) қоймалардағы материалдық ресурстардың қозғалысын есепке алуды ұйымдастырады;

9) қор түрін, тауар бірлігінің кодын, санын және т. б. көрсете отырып, ТМҚ-ға биркаларды ресімдейді;

10) қойма меңгерушісінің есебіндегі ТМҚ қозғалысына арналған кіріс және шығыс құжаттарын бухгалтерияға тапсырады;

11) әр айдың 1-ші күніндегі жағдай бойынша қоймалық есепке алу деректері және бухгалтерия деректері бойынша ТМҚ-ны бухгалтериямен салыстырып тексеруді жүргізеді;

12) бухгалтерияға ТМҚ қорларын есепке алу карточкаларын ұсынады;

13) өңделген трансформаторлық майды, қара және түсті металл сынықтарын бөгде ұйымдарға өткізуді (сатуды) жүзеге асырады;

14) қоймаларда ТМҚ сақтау ережелерінің сақталуын, ТМҚ жекелеген түрлеріне сертификаттар мен сапа паспорттарының сәйкестігін қамтамасыз етеді және бақылайды;

15) сеніп тапсырылған мүкәммал мен жабдықтың жай-күйін бақылайды;

16) Филиалдың жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп авариялық қорға тексеру жүргізеді;

17) алғашқы өрт сөндіру құралдарының, өрт және күзет сигнализациясының жарамдылығын бақылайды;

18) жұмыс күні аяқталғаннан кейін қоймаларды жауып, пломбалайды, содан кейін «Ақ Сұңқар-секьюрити» ЖШС өкіліне объектілерді күзетке тапсыру журналына қол қойғызып, күзетке тапсырады.

20) материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысады;

21) таразы жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды, жыл сайын Метрология және өлшеу жүйелері қызметімен бірлесіп таразыларды кезеңді сынақтан өткізеді;

22) Азаматтық қорғау іс-шараларына қатысады;

23) қойма үй-жайларын және қойманың ашық аумағын тазалайды.

Талаптар:
Білім деңгейі - Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе жалпы орта, орта-арнайы;
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) - Құқықтану;
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі - Жабдықтау және шаруашылық қамтамасыз ету қызметі саласында 3 жылдан кем емес.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Орташа білім
  • Колледж