Күрделі құрылыс тобының инженері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- АЭС құрылысы бойынша күрделі құрылыс объектілеріне арналған ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы жоспарларды әзірлеу, барлық объектілер бойынша титулдық тізімдерді жасау;
- АЭС құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тапсырмаларды дайындау;
- АЭС алаңын таңдау материалдарын Қазақстан Республикасының жергілікті және орталық атқарушы органдарымен, сондай-ақ құрылыс кезінде мүдделері қозғалатын инженерлік құрылыстардың иелерімен және ұйымдармен келісуді жүзеге асыру;
- АЭС құрылыс алаңы мен оның инфрақұрылымына түсетін жылжымайтын мүлік иелеріне келтірілген залалды өтеу жұмыстарын орындау;
- Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жобаларды іске асыру барысы бойынша деректерді дайындау және талдау, есептілік пен көрсеткіштерді визуализациялауды қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- Жобалау және сараптамалық ұйымдармен шарттар/келісімшарттар жасасуға қатысу;
- Күрделі құрылыс бойынша есепке алу және есептілік жүргізуді қамтамасыз ету, жобалау алдындағы, жобалық және құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша орындалған және қалдық көлемдерге жинақтау ведомостарын жүргізу;
- Қызмет бағыты бойынша қажетті анықтамалар, талдамалық материалдар, баяндамалар мен презентациялар дайындауды қамтамасыз ету.
Талаптар:
- Энергетика және/немесе құрылыс және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша жоғары кәсіби білім;
- Энергетика және/немесе құрылыс саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
- Жобалау, рұқсат құжаттарын алу, құрылыс және нысандарды пайдалануға беру мәселелері бойынша мемлекеттік және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі;
- Талдамалық материалдар дайындау тәжірибесі.
Жұмыс шарттары:
5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
ЖШС «КТ-ТЕЛЕКОМ» Жобалық офисінің басшысы, Астана қ
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.04.2026 | 95
Директор ЖШС «КТ-ТЕЛЕКОМ», Астана қ.
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.04.2026 | 97
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» филиалы дефектограммаларды декодтау бөлімінің менеджері (15 грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.04.2026 | 1488
от 482 846