«Баға маркетингі» офисінің бас менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
393

   Конкурс туралы
Функционалдық міндеттері:

  1. Техникалық ерекшеліктерді (бұдан әрі – ТЕ) келіседі;
  2. Қол жетімді ішкі және сыртқы ақпарат көздерінен ТЖҚ нарығына, жеткізушілерге (тәжірибе, талаптар), өндірушілерге, дилерлерге, дистрибьютерлерге талдау жасайды;
  3. ТТ/ ТЕ/ жұмыс тізімдемесіне сәйкес кәсіпорынның ішкі шаруашылық объектілерін жөндеу, құрылыс - монтаждау жұмыстары және реконструкциялау бойынша сметалық құжаттаманы әзірлейді; ТЖҚ-ға жоспарлы бағаларды қалыптастыру/бекіту мәселелеріне жетекшілік ететін КО басшысының немесе Қоғамның уәкілетті тұлғасының келісуін және бекітуін алады;
  4. Сметалық құжаттаманың нормативтік құжаттарға/стандарттарға/МемСТ/ регламенттердің сақталуына сәйкестігін тексереді, одан әрі бекітілуін жүзеге асырады;
  5. Сметалар базасынан тыс тауарларға/ жабдықтарға/ жұмыстарға/ қызметтерге арналған прайстарды, коммерциялық ұсыныстардың сараптамасын, МҚ тексереді және қарайды;
  6. Коммерциялық ұсыныстар алу үшін сұраныс жіберу арқылы әлеуетті жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасайды;
  7. ЕТҰ-мен сметалық құжаттама, көлем ведомостары, техникалық ерекшелік/ техникалық тапсырма бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
  8. Жиналған және тексерілген, бекітілген сметалық есептерді жүйелеу және тіркеу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
  9. Маркетингтік зерттеулер жүргізу саласында КО мен ЕТҰ ішкі нормативтік құжаттарын өзектендіру бойынша ұсынымдар дайындап, сараптама жасайды;
  10. Растайтын құжаттарды тексеру және/немесе ТЖҚ тәуелсіз маркетингтік зерттеулерін жүзеге асыру арқылы баға маркетингі мәселелері бойынша Қоғамның қызметін жоспарлау және бағалау комитетінің отырысы алдында ЕТҰ материалдарын талдайды;
  11. ТЖҚ позицияларын іріктейді, растайтын құжаттарды тексеру, ТЖҚ тәуелсіз маркетингтік зерттеулерін жүзеге асыру арқылы алдағы кезеңге арналған Даму жоспарын келісу алдында ТЖҚ шығындарын негіздеу бойынша ЕТҰ материалдарына талдау жасайды;
  12. Бекітілген ішкі нормативтік құжатқа сәйкес баға маркетингі рәсімінің бұзылуын анықтау мақсатында ЕТҰ-ның көшпелі тексерулеріне қатысады, туындаған маркетинг мәселелері бойынша кеңес береді;
  13. Жүргізілетін тексеру шеңберінде ЕТҰ-ның ұсынған материалдарына талдау жасайды;
  14. Таңдалған ТЖҚ бойынша өндірушілердің, жеткізушілердің нарығын зерттейді, сұраныстар жібереді, коммерциялық ұсыныстарды, құнды талдайды. Жиынтық қорытындылардың, коммерциялық ұсыныстардың тіркелуін тексереді;
  15. Тексеру қорытындысы бойынша ТЖҚ құнын түзетумен, маркетингтік зерттеулер жүргізумен шектелмей, қорытынды дайындайды, баға маркетингі процесін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  16. ЕТҰ-ның Түзетуші іс-қимылдары жоспарының және ҚНК-нің орындалуына мониторинг жүргізеді;
  17. Егер ЕТҰ Сатып алу жоспарының жобасында тиісті күнтізбелік жылға ҚҚС-сыз сатып алу үшін көзделген сома 10 000 АЕК-ке тең немесе одан асатын болса, ЕТҰ ТЖҚ-ны жоспарланатын сатып алу бойынша құнның негіздемелеріне талдау жасайды, жеткізушілердің, өндірушілердің нарығына талдау жүргізеді, тәуелсіз маркетингтік зерттеулер жүргізеді;
  18. Жетекшілік ететін Басқарушы директордың келісімімен жоғары тұрған ұйымдардың сұрау салуы бойынша Офис құзыреті шеңберінде қажетті ақпаратты дайындайды;
  19. ЕТҰ, «Самұрық – Қазына» АҚ, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-мен маркетингтік зерттеулер бөлігінде өзара іс-қимыл жасайды;
  20. ЕТҰ мен Қоғамның құрылымдық бөлімшесіне баға маркетингі саласындағы МОО құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетеді;
  21. ЕТҰ-да жүргізілген тексерулер, алынған және қол жеткізілген үнемдеу туралы басшылыққа талдамалық анықтама дайындайды;
  22. Комплаенс қызметінің шағымдары бойынша ЕТҰ ТЖҚ құнының негіздемелерін талдайды, тәуелсіз баға маркетингін жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Жоғары техникалық білім (инженерлік-экономикалық немесе тнженерлік -техникалық)

Кәсіби саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 5 жыл.

Сметалық іс, АВС-4РС сметаларын автоматтандырылған шығару бағдарламасы / SANA;

Экономика негіздері, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті бекіткен экономика негіздері, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер, «Құрылыстағы жұмыстарға сметалық нормаларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар», «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған бірыңғай сметалық бағалар. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына бірыңғай сметалық бағаларды қолдану жөніндегі жалпы ережелер»;

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу қызметі саласында жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн:

Тауар өндірушілер, жеткізушілер нарығына талдау жүргізу тәжірибесі;

Энергетика, сатып алу қызметі саласындағы заңнаманы, сондай-ақ сатып алу, маркетингтік зерттеулер саласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның нормативтік құжаттарын білу;

ТЖҚ бағаларын маркетингтік зерттеудің әдістері мен құралдарын білу;

Қызметтік құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;

Қоғам мен ЕТҰ үшін жаңа мүмкіндіктерді анықтау дағдылары;

Мүдделі тараптармен қарым-қатынасты басқару дағдылары;

Іскерлік хат алмасу дағдылары;

Іс-шараларды (отырыстарды, кеңестерді және т. б.) дайындау, ұйымдастыру және өткізу дағдылары;

Құжаттарды талдау және тексеру жүргізу кезінде қорытындылар дайындау дағдылары;

Кеңеске презентация, ақпарат дайындау тәжірибесі;

Құжаттардың белгіленген талаптарға/өлшемшарттарға сәйкестігін бағалау мәніне құжаттарға (сметалық есептеулерге) талдау жүргізу дағдылары;

Маркетингтік зерттеулермен байланысты жаңа функцияларды, қызметтерді әзірлеу және енгізу тәжірибесі;

Жұмыста басқа компаниялардың және басқа салалардың ең жақсы тәжірибесін қолдана білу.

Қажетті қабілеттер

  • Навыки управления взаимоотношениями с заинтересованными сторонами;
  • 10) Навыки деловой переписки;
  • Предпочтительно опыт работы в сфере закупок АО «Самрук-Қазына»;
  • Знание методов и инструментов маркетинговых исследований цен ТРУ;
  • Навыки подготовки, организации и проведения мероприятий (заседания, совещания и т.п.);
  • Навыки анализа документов и подготовка заключений при осуществлении проверок;
  • Опыт подготовки презентаций, информации к совещанию;
  • Сметное дело, программа автоматизированного выпуска смет АВС-4РС/ SANA;
  • Навыки систематизации, учета и ведения служебной документации;
  • Навыки выявления новых возможностей для Общества и ДЗО;
  • Опыт разработки и внедрения новых функций, услуг, связанных с маркетинговыми исследованиями;
  • Умение использовать в работе лучший опыт из других компаний и других областей.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман