«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Аймақтық диспетчерлік орталығы жедел басқару тобының инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
675

   Конкурс туралы
БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Аймақтық диспетчерлік орталығы жедел басқару тобының инженері»

 Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

      1. «RastrWin» және «Power Factory» бағдарламаларында Алматы энергия өңірінің нақты желі параметрлеріне сәйкес есептік схемаларды қалыптастырып, базалық режимдерді дайындайды, сондай-ақ осы бағдарламаларда Алматы өңірінің жөндеу режимдерін есептеп, талдау жүргізеді;
      2. ЖО ҰДО тапсырмасы бойынша алдағы қысқы және жазғы кезеңге арналған перспективалық режимнің ағын-бөлу схемасын әзірлеп, ЖО ҰДО -ға жолдайды;
      3. Алматы энергия өңіріндегі 500 кВ ҚС-тар бойынша асқын кернеулер статистикасын жүргізеді, өңірлік кернеу графигін құрастырады;
      4. Алматы энергия өңірінің электр желілеріндегі ағын-бөлінісінің және кернеу деңгейлерінің бақылау өлшемдерін өңдеп, талдау жүргізеді, сондай-ақ САОН мен АЧР-ға қосылған нақты қуаттың бақылау өлшемдерін өңдейді;
      5. ЖО ҰДО жедел басқаруында және құзырында тұрған 220–1150 кВ қосалқы станцияларындағы негізгі электр жабдығына жылдық жөндеу өтінімдерін (диспетчерлік басқару тәсілі бойынша желілер мен жабдықтарды бөлу тізбесіне сәйкес) бағдарламалық кешенге енгізеді;
      6. ЖО ҰДО шешімімен белгіленген көлемдер мен уставкаларға сәйкес Алматы энергия өңірі бойынша АЧР және ЧАПВ-дың жинақталған графигін қалыптастырады, сондай-ақ ЖО ҰДО үшін жалпы берілген график негізінде АЧР және ЧАПВ макеттерін әзірлейді;
      7. ОЗП-ға дайындық паспортына қажетті мәліметтерді дайындап, ұсынады;
      8. Алматы энергия өңірінің перспективалық жобаларын келісу кезінде энергия жүйесінің сенімді және қауіпсіз жұмыс істеу шарттарын қамтамасыз ететін ұсыныстар мен ескертулер дайындайды;
      9. Электр станциялары жабдықтарының жылдық жөндеуінің жиынтық графигін және өңір станцияларының негізгі жабдығын жөндеуге шығару кезінде қуат төмендеуі мен әлеуетті өндіріске қатысты мәліметтер кестесін ЖО ҰДО -мен келісуге дайындап, жолдайды;
      10. Өңірдің резервтік қуат көлемін (орнатылған және қолжетімді қуат, қуат шектеулері мен үзілістері) қалыптастыру үшін деректерді жинауды және талдауды ұйымдастырады, «Алматы өңірі электр станцияларының техникалық сипаттамалары альбомына» өзгерістер енгізеді;
      11. Станциялардың енгізілетін жабдығына арналған табиғи сынақтар бағдарламасына ұсыныстар мен ескертулер дайындайды, сондай-ақ өңір станцияларының табиғи сынақтарына қатысады;
      12. Диспетчер бұйрықтары және ПА жұмысы бойынша реакторларды қосу/ажырату статистикасын жүргізеді, ЖО ҰДО тапсырмасы бойынша алдағы қысқы және жазғы маусымға перспективалық режимнің ағын-бөлу схемасын әзірлеп, жолдайды;
      13. АДО Басшылығының топ пен АДО міндеттерін орындауға бағытталған өкімдерін орындайды (энергорынок субъектілеріне хаттар, жеделхаттар дайындау, сұратуларға жауап беру және т.б.);
      14. АДО міндеттерін тиімді орындауға бағытталған электротехникалық есептерді шешуге арналған жаңа бағдарламаларды меңгереді;
      15.  АДО персоналының техникалық оқуын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады
Талаптар:

Білім деңгейі

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Электр нергетика саласындағы техникалық

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

 

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

-          

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

• Электрқауіпсіздік бойынша біліктілік тобы – II-топтан төмен емес;

• электр станциялары мен электр желілерін техникалық пайдаланудың Қағидаларын, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы Қағидаларын, энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі Қағидаларын, еңбек қорғау талаптарын білу;

• салалық қағидаларды, нормаларды, талаптарды білу (желілерді техникалық пайдалану, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі бойынша), сондай-ақ:
– Типтік даярлық бағдарламасының талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде;
– АДО қызметін жүзеге асыру кезінде қолданылатын бекітілген Құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды;
– орындалатын жұмысқа қатысты нормативтік-техникалық құжаттарды;
– энергетикалық жүйенің электрлік бөлігіне қатысты авариялардың алдын алу және оларды жою жөніндегі типтік нұсқаулықты;
– Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын (Типтік даярлық бағдарламасы талаптарына сәйкес қажетті көлемде) білу;

Лицензиялар, сертификаттар

Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар

• мемлекеттік және/немесе орыс тілін білу;

• Microsoft Office, WEB-қызметтер, ОИК, SCADA, сондай-ақ «RastrWin», «Power Factory» бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларының болуы.

 Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 162/7

 Бос лауазым тұрақты болып табылады.

 Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 23 сәуірге дейінгі (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.