HR-консалтинг департамент директоры

«Samruk Business Academy» ЖММ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
1423

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Мекеменің даму басымдықтарына сәйкес HR-қызметтер бойынша кешенді талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
  • Дамудың перспективалық бағыттарын айқындайды, Мекеменің даму стратегиясын қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлейді және енгізеді.
  • HR-қызметтер бойынша өндірістік бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етеді және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін басшылыққа қажетті ақпаратты ұсыну мақсатында есептілік қалыптастырады.
  • Әлеуетті және қолданыстағы тапсырыс берушілермен коммуникацияларды қалыптастырады және қолдайды.
  • Қызметтерді таныстыру (презентация) процесін бақылауды жүзеге асырады, бұл өз кезегінде хабардарлықты арттыруға, жаңа тапсырыс берушілерді тартуға және HR-консалтинг бағытын дамытуға бағытталған.
  • HR-жобаларды дайындау және іске асыру процесін ұйымдастырады және бақылайды, оның ішінде контрагенттермен шарттар жасасу, техникалық ерекшеліктер мен әдіснамаларды әзірлеу, есептілікті келісу және тапсыру, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды рәсімдеу, сондай-ақ талдамалық және өзге де материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.
  • Нарықтағы қажеттіліктерді талдайды және HR-жобаларды іске асыру үшін әдіснамалар, тәсілдер мен құралдарды әзірлейді немесе бейімдейді.
  • Нарықтағы ұқсас қызметтердің бағаларына мониторинг және салыстырмалы талдау жүргізеді, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие ұсыныстар қалыптастыру мақсатында.
  • Қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі және олардың орындалуын бақылайды, жұмыс жүктемесінің тең бөлінуін және шарттық міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуын жоспарлайды және бақылайды.
  • Ресурстарға деген қажеттілікті талдайды, ақпаратты жинақтайды, жоспарлау бойынша жауапты бөлімшелермен өзара әрекеттеседі, Департамент қызметінің көрсеткіштерін болжайды және олардың орындалуын бақылайды.
  • Департамент қызметкерлерін іріктеуді және дамытуды қамтамасыз етеді, мақсаттарды, саясаттарды және стратегиялық басымдықтарды жеткізеді.
  • Қызметкерлердің мотивациясы мен тиімділігін арттыруға бағытталған қолайлы жұмыс ортасын қалыптастырады және қолдайды.
  • HR-консалтинг қызметтерінің рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында жобалар бойынша сметалық құжаттаманы келіседі және шығындардың есебін бақылайды.

Талаптары:

  • HR, психология, әлеуметтану, экономика немесе ұқсас салалар бойынша жоғары білім;
  • Персоналды бағалау және лауазымдарды бағалау (грейдтеу) бойынша сертификаттардың болуы құпталады;
  • SHRM, CIPD, GRP және басқа да HR саласындағы сертификаттардың болуы құпталады;
  • Адам ресурстарын басқару және/немесе HR-консалтинг саласында кемінде  6 жыл жұмыс тәжірибесі.

Шарттары:

  • 5 күндік жұмыс аптасы;
  • 8 сағаттық жұмыс күні: 9:00–18:30, түскі үзіліс 13:00–14:30;
  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • Жалақы, тоқсандық сыйақылар, материалдық көмек;
  • Әлеуметтік пакет: фитнес / стоматология;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы алдында сауықтыру төлемдері;
  • Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн;
  • Сол жағалаудың орталығында орналасқан жайлы кеңсе: Астана қ., Қонаев к-сі, 10 (Emerald Tower БО);
  • Қызметтік тасымалдау (развозка).

Қажетті қабілеттер

  • Ведение переговоров
  • навыки презентации
  • Организаторские навыки
  • активные продажи