«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаментінің Темір жол автоматикасы және телемеханика (ЖАТ) бойынша менеджері (15 грейд)

от 482 846
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
40

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Альстом P80 электр қосқыш жетектерінің енгізілуін бақылайды;
  • Сигнализация және байланыс дистанцияларының  СОБ құрылғыларына қызмет көрсетудің технологиялық процесіне қатысты сауалдарға жауаптар дайындайды, олардың сенімділігін арттыру шараларын әзірлейді;
  • СОБ құрылғыларын, МПҚ, АЛСН жөндеу және ағымдағы техникалық қызмет көрсету бойынша технологиялық процестерді әзірлейді және енгізеді, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асырады;
  • 15.04.2015ж.-дағы №359-ЦЗ бұйрығымен бекітілген СТ АО 620100210058-НИЦ-01-2015 талаптарына сәйкес ЖАТ жабдықтарының жаңа үлгілерін сынақтан өткізуді ұйымдастырады;
  • Инвестициялық өтінімдерді (ақпарат жинау, өндірістік бағдарламалар мен техникалық шарттарды әзірлеу, жобаны іске асыру тұжырымдамалары және т.б.) қалыптастырады, олардың ресімделуімен бірге жүреді;
  • Басқарманың тәуекелдерін анықтау, бағалау және басқару бойынша жұмыстарға қатысады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; автоматизация және басқару, Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс; Радиобайланыс және хабар тарату;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы