Жобалық қаржыландыру департаментінің бас менеджері
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Инвестициялық жоспарлау және Күрделі салымдар бюджетiн (КСБ) қалыптастыру процестерiн үйлестіру және әдіснамалық сүйемелдеу;
- КСБ-ны қалыптастыруды, түзетуді және орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
- Инвестициялық жобалардың іске асырылуын терең талдау, ауытқуларды, тәуекелдерді және ықпал етуші факторларды анықтау;
- Инвестициялық жобалар, бизнес-жоспарлар және бастамалар бойынша қаржылық-экономикалық қорытындыларды дайындау және қорғау;
- Жобалық комитетке және өзге де алқалы органдарға ұсынылатын материалдарға сараптама жүргізу;
- Компания деңгейінде инвестициялық жобалар бойынша шешімдер қабылдауға қатысу;
- Инвестициялық талдау, жобалардың тиімділігін бағалау және пост-мониторинг әдіснамасын әзірлеу және жетілдіру;
- Инвестициялық жобалардың пост-мониторингін ұйымдастыру, KPI және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын талдау;
- Басшылыққа және акционерге арналған талдамалық материалдар, басқарушылық есептілік және презентациялар дайындау;
- Ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен (Орталық аппарат, филиалдар, еншілес және тәуелді ұйымдар, мемлекеттік органдар) өзара іс-қимыл жасау;
- Мемлекеттік органдар мен акционердің сұрауларына жауаптарды дайындауға қатысу;
- Департамент функциялары шеңберінде басшылықтың тапсырмаларын орындау.
Талаптар:
- Қаржы, экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, инвестициялық талдау немесе ұқсас бағыттар бойынша жоғары білім;
- Инвестициялық талдау / жобалық қаржыландыру / корпоративтік қаржы саласында кемінде 3–5 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Қаржылық модельдеу, инвестициялық талдау, жобалардың тиімділігін бағалау (NPV, IRR, PI, PBP, DPBP және т.б.) бойынша терең білім;
- ҚЕХС (IFRS), басқарушылық есеп және бюджеттеу қағидаттарын білу;
- Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметке қатысты нормативтік-құқықтық базасын білу;
- Excel (қаржылық модельдер, деректерді талдау) және PowerPoint бағдарламаларын жоғары деңгейде меңгеру;
- Басшылыққа және алқалы органдарға арналған талдамалық материалдарды дайындау тәжірибесі артықшылық болып табылады.
Еңбек жағдайлары:
- Қазақстан Республикасындағы ірі телекоммуникациялық компанияда жұмыс;
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Уақтылы еңбекақы төлеу;
- Кең әлеуметтік пакет;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн;
- Еңбек демалысына материалдық көмек.
Ұқсас вакансиялар
BI департаментінің директоры
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
28.04.2026 | 119
Главный специалист Департамента коммерческого развития
«Ауыл Телеком» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
01.04.2026 | 1506
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалының Қостанай қ. РСУО тобының бастығы
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция автоматизации и цифровизации» | Еңбекпен толық қамтылу
| Қостанай қ.
29.04.2026 | 354
от 503 670