Бас бухгалтер

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
55

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Бухгалтерлік есепті толық көлемде ұйымдастыру және жүргізу;
  • Қаржылық, салықтық және статистикалық есептілікті уақтылы жасау және ұсыну;
  • Жеткізушілер алдындағы қаржылық міндеттемелердің орындалуын және төлемдердің уақтылы жүргізілуін бақылау;
  • Төлем күнтізбесін және ақша қаражатының қозғалысы бойынша есептілікті қалыптастыру;
  • Банктермен, салық органдарымен, аудиторлармен және мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Басшылық пен акционерлер үшін есептіліктер мен материалдарды дайындау;
  • Банктік кепілдіктермен жұмыс және шарттарды қамтамасыз ету бойынша бақылау;
  • Ұйымның есеп саясатын әзірлеуге және өзектендіруге қатысу;
  • Түгендеулерді ұйымдастыру және жүргізуді бақылау;
  • Компанияның қаржылық-бухгалтерлік бөлімшесіне басшылық ету.

Талаптар:

  • «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Қаржы» немесе «Экономика» мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім;
  • Қаржы, есеп немесе сабақтас салаларда магистр дәрежесінің болуы — міндетті;
  • Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарын (ҚСБУ) және ХҚЕС негіздерін білу;
  • Кәсіби сертификаттардың болуы — артықшылық.

Кәсіби білімдері:

  • Қазақстан Республикасының Салық кодексі, еңбек және азаматтық заңнамасы;
  • ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы;
  • Бухгалтерлік есеп стандарттары (ҚСБУ / ХҚЕС), есеп саясатын қалыптастыру тәртібі;
  • Қаржылық, салықтық және статистикалық есептілікті жасау тәртібі;
  • Қазынашылық басқару негіздері: төлем күнтізбесі, ақша ағындарын басқару, қарыздарды қайта құрылымдау;
  • Бюджеттеу қағидаттары, еңбекақы қоры (ЕАҚ) бақылауы және жобалардың рентабельділігін есептеу;
  • Банктік кепілдіктермен жұмыс және шарттардың орындалуын қамтамасыз ету тәртібі;
  • Корпоративтік басқару негіздері және Директорлар кеңесіне материалдар дайындау.

Кәсіби дағдылар:

  • Ұйымда бухгалтерлік есептің толық циклін жүргізу;
  • Бөлімшелер мен еншілес құрылымдар бойынша қаржылық есептілікті шоғырландыру және талдау;
  • Қаржылық міндеттемелерді және жеткізушілермен есеп айырысуды бақылау (дебиторлық/кредиторлық берешек);
  • Төлем күнтізбесін қалыптастыру және өтімділікті басқару;
  • Жалақыны, салықтарды және әлеуметтік аударымдарды есептеу;
  • Аудиторлық тексерістер мен мемлекеттік органдар үшін есептілік дайындау;
  • SAP R/3, SAP BW, 1С жүйелерінде жұмыс істеу;
  • MS Excel және кеңсе бағдарламаларын жоғары деңгейде меңгеру;
  • Электрондық құжат айналымы (ЭҚА) жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары.

Шарттар:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • Жұмыс кестесі 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Жалақыны уақтылы төлеу;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы — 30 күнтізбелік күн.

Қажетті қабілеттер

  • Комуникабелность ,
  • - Нацеленность на результат
  • - Ответственность
  • - Стрессоустойчивость
  • - Аналитический склад ума.
  • Высокая внимательность и сосредоточенность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)