АҚ «KEGOC» «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының релелік қорғаныс және электр автоматика қызметінің 2 санатты инженері

397 500 - 397 500 KZT
«KEGOC» АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
129

   Конкурс туралы

Қызметтік (функционалдық) міндеттері:

  • өзіне бекітілген қосалқы станциялардағы РҚА құрылғыларының техникалық жағдайын және жұмыс деңгейін бақылайды;
  • қолданыстағы ережелерді, бағдарламаларды, нұсқауларды, директиваларды, төтенше циркулярлар мен ақпараттық хабарламалардың орындалуын бақылайды және ұйымдастырады;
  • РҚА техникалық құжаттамасының болуын және жай-күйін, қорғаныс пен автоматиканың дұрыс жұмыс істеуін, жедел персоналдың қолында және қызметте болатын басқа құжаттаманы (сызбалар, баптау карталары және т.б.) бақылайды;
  • РҚжАҚ профилактикалық жоспарлы тексерулердің уақтылы жүргізілуін бақылайды, осы жұмыстардың орындалуына қатысады;
  • жаңа технологияны енгізу, ескірген және ақаулы құрал-жабдықтарды ауыстыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, рационализаторлық іс-шараларға бақылауды жүзеге асырады және қатысады;
  • қосалқы станциясының пайдаланушы персоналының РҚА құрылғыларын пайдалану нұсқауларын зерделеуін ұйымдастырады;
  • қосалқы станцияларын РҚА құрылғыларының пайдалану нұсқауларымен қамтамасыз етеді;
  • филиал қосалқы станцияларында жаңадан орнатылған РҚА құрылғыларын қосқанда қажетті кеңестер береді, техникалық мәселелерді шешуге жеке қатысады, монтаждау және іске қосу ұйымдарының өкілдері орындайтын іске қосу жұмыстары кезінде қатысады;
  • қосалқы станцияларындағы РҚА жұмысының барлық жағдайларын талдайды;
  • авариялар мен ақауларды тергеуге қатысады;
  • техникалық ақпаратты зерделейді, озық тәжірибені таратады, еңбекті ұйымдастырудың озық әдістері жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
  • жобалау ұйымдары жүзеге асыратын РҚА құрылғыларының жобаларын қарайды және оларға түсініктемелер береді;
  • қосалқы станцияларында РҚА құрылғыларының жай-күйін, қабаттардың, релелік құрылғылардың дұрыс орналасуын және олардың схемалары мен электр жабдықтарының жұмыс режимдеріне сәйкестігін тексереді.

 

Талаптар:

Жұмыс тәжірибесіне электр энергетикасы саласында кемінде үш жыл инженер лауазымында жұмыс тәжірибесі бар, жоғары кәсіби (техникалық немесе
энергетикалық) білімі бар білікті маман, станциялар мен желілерді техникалық
пайдалану саласындағы ережелерімен және нұсқаулықтарымен, электр
қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныс, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, компьютерді қолдана білетін және іссапарларға шығуға мүмкіндігі бар білікті маманы

Қажетті қабілеттер

  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность, мобильность, организаторские способности