Кадрларды іріктеу жөніндегі жетекші менеджер

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
50

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері: 
 
1) Рекрутинг, адаптация, HR-сүйемелдеу;
2) Персонал іріктеу өтінімінің толықтығын тексеру;
3) ТКЖ жүйесінде берілген өтінім негізінде белсенді бос орын ашу;
4) Бос орынды hh.kz, enbek.kz, qsamruk.kz, olx.kz сайттарына орналастыру;
5) Бос орын туралы хабарламаны Қоғам бойынша тарату;
6) Басқа арналарда (әлеуметтік желілерде, сату кеңселерінде) орналастыру;
7) Резюме жинау (ТКЖ, жұмыс ресурстары, корпоративтік сайт арқылы);
8) Резюменің негізгі талаптарға сәйкестігін бағалау;
9) Жарияланған бос орынға сәйкес резюмелерді ТКЖ жүйесінде біріктіру;
10) Үміткермен телефон арқылы сұхбат жүргізу;
11) Оң нәтиже болған жағдайда рекрутермен онлайн алдын ала сұхбатқа шақыру;
12) Үміткерді онлайн сұхбат жайлы хабардар ету, күнін, уақытын келісу және шақыруды электрондық пошта арқылы жіберу;
13) Сұхбат жүргізу (лауазым профиліне және Қоғамның корпоративтік мәдениетіне барынша сәйкес келетін үміткерлерді анықтау);
14) Лауазымға/үміткерге байланысты түрлі сұхбат әдістерін өткізу (автобиографиялық, құрылымдық сұхбат; ситуациялық сұхбат немесе кейс-интервью; проективтік сұхбат; құзыретке негізделген (мінез-құлықтық) сұхбат);
15) Үміткерге лауазым туралы ақпарат беру (пайда болу себебі, компания туралы мәлімет, құрылымдағы орны, бағыныштылық, орналасқан жері, функционалы, жұмыс шарттары, сұхбат кезеңдері);
16) Сұхбат нәтижесі бойынша үміткерді қабылдамау немесе келесі кезеңге (тестілеу) жіберу. Бұл туралы үміткерге хабарлау;
17) Кәсіби тестілеу. Бағыттар (лауазымдар) бойынша сұрақтарды уақытылы жаңарту;
18) Кәсіби тестілеу. Нәтижелерді үміткердің ТКЖ жүйесіндегі профиліне сақтау;
19) Тәуелсіз бағалау жүйелері (SHL немесе басқа) арқылы тестілеу;
20) Тікелей басшымен сұхбат ұйымдастыру (күні, уақыты, кездесу орны);
21) Жаңадан келгендерге Welcome-тренинг өткізу;

Талаптар:

  • Жоғары білім;
  • Телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 2 жыл еңбек өтілі.

Еңбек шарттары:

  • Негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне арналған уақытша бос жұмыс орны.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр