Сұрыптау дөңесінің кезекшісі Маңғыстау стансасы

441 349 - 456 889
Мангистауское отделение магистральной сети Маңғыстау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
52

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Ауысым басталғанға дейін 15 минут бұрын жұмысқа демалып келуі тиіс. Еңбекті қорғау жөніндегі нысаналы нұсқамадан, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамадан, станция басшылығының ауысымға арналған жұмыс жоспарынан өтеді. Кезекшілікті қабылдау кезінде келесі 3 сағатқа арналған ауысымдық жұмыс жоспарымен және пойыздарды құру/тарату тапсырмаларымен, кезекшілік тапсыратын ДСПГ мен реттеушінің есебі бойынша  сұрыптау паркінің жолдарындағы жағдаймен және вагондардың түгендеу деректерімен танысады.

Жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ және байланыс құрылғыларын тексеру журналына жазба енгізу арқылы кезекшіліктің басталуын тіркейді.

ф.ДУ-46 Жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ және байланыс құрылғыларын тексеру журналын, ф.ДУ-31 Дөңес жұмысын есепке алу кітабында жазбалар жүргізеді.

Пойыздардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс туралы тапсырмалар қысқаша, анық беріледі, тапсырма бергеннен кейін, оның қайталануын тыңдап, оның түсінікті және дұрыс екеніне көз жеткізеді. Маневрлік локомотив машинисі (оның ішінде маневрлік бағдаршамның тыйым салу көрсеткіші кезінде олардың қозғалысы), пойыз құрастырушысы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші арасында келіссөздер жүргізу регламентін қатаң сақтайды. Пойыздарды бөлу және құрастыру бойынша ауысымдық тапсырмалардың орындалуын, технологиялық уақыт стандарттарының сақталуын және вагондардың станцияда өткізетін жалпы уақытын қамтамасыз ету. Пойыздарды құру және бөлу жоспарының сақталуын қамтамасыз ету.

Тыйым салу маневрлік сигналдарының өтуі туралы бұйрықтардың есебін жүргізеді. Дөңес алаңындағы ауысым жұмысшыларының келуін тексереді және РСДВ үшін кезекшілікті қабылдау жазбаларының тіркелуін бақылайды. Пойыз қозғалысы қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын толық сақтай отырып, станцияның ПТЭ, ИДП, ИСИ, ТРА, ТП жергілікті нұсқауларды және станция жұмысына қатысты басқа да басқарушы құжаттарды, бұйрықтарды, ережелер мен нормативтік актілерді қатаң сақтайды.

Кезекшілік кезінде: дөңес құрастырушыға және реттеушіге тапсыру үшін сұрыптау парақтарын жасау. Вагондарды дөңестен таратпас бұрын жолдардағы өткелдердің болуын, дөңес жағындағы жолдардың еркіндік дәрежесін тексереді. Вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілерден таратуға дайын екендігі туралы хабарлама алады. Вагондарды жылжыту үшін бағдаршам ашады және машинистке дөңеске жылжыту туралы нұсқау береді. Дөңестің басына жақындаған кезде қызметкерлерге таратудың басталғаны туралы хабарлау қажет. Вагондарды тарату, сұрыптау жолдары бойынша маневрлік қозғалыстар кезінде дауыс зорайтқыш байланыс бойынша хабарлайды. Дөңес қызметкерлерін ерекше жүру шарттарын талап ететін ағытпалар туралы хабардар етеді.

Ауысым тапсырар алдында:

- сұрыптау паркінің жолдарын мамандануына сәйкестендіру;

- сұрыптау жолдарында өту жолдарының болуын қамтамасыз ету;

- дөңес жанынан сұрыптау паркінің барлық жолдарында вагондарды қоршауға алу;

- ауысым қызметкерлерінің жұмысын қорытындылау;

- кезекшілікке жаңадан кірген ДСПГ жұмыс орнында болған кезде кезекшілікті жеке өзі тапсыруға міндетті.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі)
  • Саласы бойынша мамандығы: Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (теміржол көлігі)
  • Жұмыс өтілі: 2 жылдан кем емес, соның ішінде станса орталық постының кезекшісі, парк кезекшісі, 2-3 класс станса кезекшісі, 4-5 класс бастығы, сұрыптау дөңесінің кезекшісі, пойыз құрастырушысы, станса операторы.
  • Білімі: орташа (техникалық және кәсіптік)
  • Саласы бойынша мамандығы: Көлікті басқару және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (саласы бойынша), Теміржол көлігінде қозғалыспен басқару және тасымалдауды ұйымдастыру.
  • Жұмыс өтілі: 3 жылдан кем емес, соның ішінде станса орталық постының кезекшісі, парк кезекшісі, 2-3 класс станса кезекшісі, 4-5 класс бастығы, сұрыптау дөңесінің кезекшісі, пойыз құрастырушысы, станса операторы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру