«KTZ Express» АҚ Стратегиялық және корпоративтік даму департаментінің корпоративтік даму және процестік басқару тобының менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша регламенттерді әзірлейді, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
- Қоғамның даму стратегиясын әзірлеуге, өзектендіруге және оған өзгерістер енгізуге қатысады;
- Қоғамның даму стратегиясын іске асыруға бағытталған құжаттарды әзірлейді, бекітеді және жүзеге асырады;
- Стратегиялық мақсаттарға сәйкес Қоғамның бизнес-процестерінің тиімділігі мен сапасының қажетті деңгейін оларды регламенттеу, оңтайландыру, нормалау және негізгі параметрлерін бақылау арқылы қамтамасыз етеді;
- Қоғамның Интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) саласындағы даму бағдарламасын әзірлейді;
- Қоғамдағы Интеграцияланған менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарға (ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001) сәйкестігіне ішкі аудитті жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді. Қоғамдағы Интеграцияланған менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарға (ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001) сәйкестігіне сертификаттау/қайта сертификаттау инспекциялық аудиттерін ұйымдастырады;
- Қоғамның Жылдық есебін әзірлейді, келіседі және Директорлар кеңесінің бекітуіне ұсынады;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен, сондай-ақ Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарымен негізгі қызмет бағыты бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
- Қоғамның корпоративтік дамуы саласында отандық және шетелдік сарапшылармен, кәсіпорындармен, даму институттарымен, халықаралық институттармен және басқа ұйымдармен бірлесіп техникалық тапсырмаларды дайындауға, ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
- Департаменттің функционалдық қызмет бағыттары шеңберінде Қоғамның бұйрықтары, хаттамалары және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарының жобаларын әзірлейді, сондай-ақ олардың орындалуына тиісті бақылауды қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Логистика; Құқықтану; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Маркетинг; Инновациялық менеджмент; Жобаларды басқару; Іскерлік әкімшілендіру; Халықаралық қатынастар және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар