"Көлік сервис орталығы" АҚ филиалының Еңбек және жалақы бойынша бас менеджері (16 грейд)

«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
72

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Персонал санының нормативтерін әзірлеу және қалыптастыру;
  • Қоғам басшысына еңбекақы төлеу қорының жоспары бойынша материалдарды қалыптастыру және белгіленген тәртіппен қарауға шығару;
  • Қоғам басшысына қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық уәждемесі жөніндегі материалдарды қалыптастыру және белгіленген тәртіппен қарауға шығару;
  • Қоғамның еңбек жөніндегі жоспарын белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, түзету және бекіту, орындалуын бақылау және талдау;
  • Қоғамның еңбек жөніндегі жоспарының орындалуын талдау, Ұлттық статистика бюросына тиісті есепті кезеңдер үшін 1-Т, 2-Т есептілікті тапсыру;
  • "Штат кестесін қалыптастыру" процесі бойынша есепке алу жүйесінде жұмысты ұйымдастыру;
  • Қоғам басшылығына штат кестелерін бекіту туралы мәселелерді әзірлейді және белгіленген тәртіппен шығарады, оларға өзгерістер енгізеді;
  • Штаттық тәртіптің сақталуын, жалақы қорының жұмсалуын бақылайды;
  • Қоғамның бірінші басшысының қарауына және Директорлар Кеңесінің шешіміне шығару үшін жергілікті актілер мен тиісті материалдарды дайындайды;
  • Тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша Қоғам қызметкерлерінің қызметін бағалау жөніндегі материалдарды дайындайды және қалыптастырады (Қоғам қызметкерлерінің белгіленген мақсаттарын шоғырландырады, қоғамның әрбір қызметкерінің қызметінің нәтижелілігін талдау және бағалау);
  • КРЕМ-ге өтінім беру жөніндегі жауапты бөлімшеге жинақтау үшін еңбекақы төлеу қорына және персонал санына қатысты ақпарат пен тиісті материалдарды ұсынады;
  • Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру және нормалау мәселелері бойынша ұжымдық шартты әзірлеуге және оған өзгерістер енгізуге қатысады.


Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары;
  • Мамандығы: құқықтану, әлеуметтік жұмыс, экономика, менеджмент, Қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, психология, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, қоғаммен байланыс, әлеуметтану, саясаттану, персоналды басқару және/немесе теміржол мамандықтары;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр