Экономист

«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
88

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Серіктестіктің тиісті кезеңге арналған бюджетінің орындалуын есепке алуды жүргізу.
  • Тиісті кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру және уақтылы ұсыну.
  • Құрылымдық бөлімшелерден бюджетті түзету бойынша өтінімдерді қабылдау және өңдеу.
  • SAP BPC жүйесіне қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді енгізу.
  • Бюджет пен бизнес-жоспардың орындалуы мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау.
  • Серіктестік қызметінің экономикалық көрсеткіштерін есепке алуды жүргізу.
  • Қаржылық және өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелерін есепке алу мен талдауды ұйымдастыруға қатысу.
  • Қызметтік жазбаларды, бұйрықтардың жобаларын, шарттарды және өзге де ішкі құжаттарды дайындау.
  • Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұрауларына жауаптар дайындау.
  • Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептілік пен өзге де ақпаратты дайындау және ұсыну.
  • Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау.
  • Құзыреті шеңберінде басшылықтың тапсырмаларын орындау.
  • Бөлімдегі еңбек және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Тиісті мамандық бойынша жоғары білім:
    • экономика;
    • қаржы;
    • есеп және аудит;
    • менеджмент;
    • мұнай-газ ісі (экономикалық мамандандыру болған жағдайда).
  • Жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
  • Экономика, бюджеттеу, қаржылық талдау немесе жоспарлау саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Мұнай-газ саласында немесе «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады.
  • Бюджеттеу, басқарушылық есептілік және қаржы-шаруашылық қызметті талдау бойынша жұмыс тәжірибесі.
  • Қаржылық жылдық жоспарлар мен әртүрлі бизнес-жоспарларды әзірлеу тәртібін білу.
  • Қаржылық есептілікті дайындау тәртібі мен мерзімдерін нақты білу және сақтау.
  • Қаржылық және еңбек шығындары бойынша материалдарды әзірлеу тәртібін білу.
  • Экономикалық талдау мен статистикалық есеп әдістерін білу.
  • Экономикалық тиімділікті анықтау дағдылары.
  • Шарттарды жасау кезінде құжаттарды ресімдеу қағидаларын білу.
  • ҚР еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау нормалары мен қағидаларын білу.
  • Серіктестіктің қызмет бағытын, мамандануын және ұйымдық құрылымының ерекшеліктерін білу.
  • Кәсіпорын қызметін жоспарлау, есепке алу және талдау мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды білу.
  • Жоспарлау жұмысын ұйымдастыру қағидаларын білу.
  • Жоспарлы-есептік құжаттаманы білу.
  • Кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің қызмет көрсеткіштерін есепке алу және экономикалық талдау әдістерін білу.
  • Техника-экономикалық есептеулер жүргізу және шаруашылық қызметті талдау үшін есептеу техникасын қолдану мүмкіндіктерін білу.
  • Ай сайынғы, тоқсандық және жылдық басқарушылық есептілікті дайындау дағдылары.
  • Бюджетті қалыптастыру және сүйемелдеу дағдылары.
  • Қаржылық-экономикалық талдау жүргізу дағдылары.
  • Бизнес-жоспардың орындалуын талдау дағдылары.
  • Басшылық үшін талдамалық материалдар мен презентациялар дайындау дағдылары.
  • Қаржылық модельдерді құру дағдылары.
  • Үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу дағдылары.
  • Келесі бағдарламаларды сенімді меңгеру:
    • MS Excel (жиынтық кестелер, Power Query, ВПР/XLOOKUP, SUMIFS, логикалық және қаржылық функциялар);
    • Microsoft Office;
    • SAP BPC;
    • 1С Бухгалтерия;
    • Power BI (бастапқы немесе орта деңгей).
  • Іскерлік хат алмасу және қызметтік құжаттарды дайындау дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман