«KEGOC» АҚ Стратегия департаментінің менеджері (УАҚЫТША ЛАУАЗЫМ)

от 397 500 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
108

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. КПД архитектурасын (КПД ағашын) әзірлеуді/өзектендіруді және оны басқаруды жүзеге асырады;
  2. Басшылық және басқарушы қызметкерлердің ынталандырушы КПД-ларының есептеу әдістемелерімен (паспорттарымен) бірге Карталарының жобаларын қалыптастыруды және түзетуді жүзеге асырады;
  3. Басшылық және басқарушы қызметкерлердің ынталандырушы КПД-ларының мақсатты, шекті және (қажет болған жағдайда) ең жоғары мәндерін айқындау және келісу жұмыстарын жүргізеді;
  4. Ынталандырушы КПД карталары жобаларын функционалдық бөлімшелермен және «KEGOC» АҚ Басқармасымен келісу жұмыстарын жүзеге асырады, оларды «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінде бекіту бойынша материалдарды дайындайды;
  5. Есепті кезеңнің (тоқсан, жыл) қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ басшылық және басқарушы қызметкерлерінің ынталандырушы КПД-ларды орындауына мониторинг жүргізеді;
  6. КПД орындалуы туралы есептіліктің жобасын қалыптастырады және оны «KEGOC» АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесінде бекіту үшін материалдар дайындайды;
  7. Жыл сайын бекітілген процестерге сәйкес мақсаттарды, қызметтің процестік көрсеткіштерін (бұдан әрі – ҚПҚ) және олардың мақсатты мәндерін белгілейді;
  8. Департаментте іс жүргізуді және құжаттар мұрағатын жүргізеді, іс жүргізуді жетілдіру жұмыстарына қатысады;
  9. КПД бойынша талдамалық деректерді, талдамалық анықтамаларды/баяндамаларды/есептерді/презентацияларды, сондай-ақ есепті кезеңдегі Компания қызметінің нәтижелілігі мен КПД-ның нақты көрсеткіштері туралы негізгі деректерді жинақтап, қорытындылайды;
  10. Стратегиялық жоспарлау, стратегиялық, операциялық және ынталандырушы КПД-ларды белгілеу мәселелері бойынша еншілес ұйымдар мен қауымдастырылған ұйымдардың материалдарын қарайды және қорытындылар ұсынады;
  11. Компаниядағы тиімділікті басқару мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді/өзектендіруді жүзеге асырады;
  12. Жаһандық трендтердің, энергетикалық ауысудың, декарбонизацияның, электрлендіру мен цифрландырудың, сондай-ақ ESG қағидаттарының әсерін көрсететін ұқсас компаниялардың қызмет көрсеткіштерін (КПД) іздеуді, іріктеуді, мониторингтеуді және бенчмаркингін жүзеге асырады;
  13. Департамент құзыреті шегінде тиісті тәуекелдерді сәйкестендіруді, бағалауды және басқаруды жүзеге асырады, сондай-ақ осы қызмет бойынша есептілікті дайындайды.

 

Талаптар:

Білімі:

  • Экономика, қаржы, электр энергетикасы, жылу энергетикасы бағыттары бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Тиімділікті басқару және/немесе стратегиялық жоспарлау, және/немесе энергетика, және/немесе экономика, және/немесе менеджмент саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс («Жас-Өркен» бағдарламасының кандидаттарын қоспағанда).

Лицензиялар, сертификаттар:

  • Стратегиялық жоспарлау және қызмет тиімділігін басқару саласында сертификаттардың болғаны құпталады.

Қосымша талаптар:

  • MS Office бағдарламаларын сенімді деңгейде меңгеруі;
  • Қазақ және орыс тілдерін білуі.

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Тиімділікті басқару әдістері, стратегиялық талдау, стратегиялық жоспарлау және бюджеттік жоспарлау салаларындағы білім;
  • Стратегиялық ойлау қабілеті;
  • Жоғары деңгейдегі коммуникативтік дағдылар және ұйымдастырушылық қабілеттер;
  • Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).

Қажетті қабілеттер

  • стратегия