«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС Жоба бойынша бас менеджері

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
191

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жол картасын әзірлеу: жұмыстардың егжей-тегжейлі кестесін дайындау;
  • Мерзімдердің сақталуын бақылау: мердігерлердің жұмыс кестесінен кешікпеуін қадағалау. Жұмыс қарқыны төмендеген жағдайда, оны жеделдету үшін қажетті ресурстарды анықтау және тарту;
  • Шығындарды бақылау: нақты шығыстардың сметалық құннан аспауын қамтамасыз ету;
  • Төлемдерді растау: бухгалтерия мердігерлерге төлем жасамас бұрын орындалған жұмыстар көлемін тексеру;
  • Міндеттерді қою: инженерлер, жабдықтау мамандары және құрылыс бригадалары арасында жауапкершілік аймақтарын нақты бөлу;
  • Тендерлер: материалдар мен қызметтердің үздік жеткізушілерін таңдау процесіне қатысу;
  • Атқарушылық құжаттама: жасырын жұмыстар актілерінің және жұмыс журналдарының уақытылы жүргізілуін бақылау;
  • Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл: техникалық қадағалау, авторлық қадағалау және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарымен жұмыс жүргізу.

Талаптар:

  • Жоғары білім (заңгерлік, экономикалық немесе техникалық);
  • Қаржы немесе менеджмент саласындағы қосымша білімнің болуы құпталады;
  • Әкімшілендіру және жобаларды басқару саласында кемінде 3–5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Жобаларды әкімшілендіру және басқару тәжірибесі;
  • Пайдалануға берілген объектілер бойынша табысты аяқталған жобалар портфелінің болуы;
  • Квазимемлекеттік секторда, оның ішінде «Самұрық-Қазына» тобы ұйымдарында жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады.

Кәсіби білімдер:

  • Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы заңнамасы;
  • Жобаларды басқару қағидаттары мен әдістері;
  • Техникалық ерекшеліктерді қалыптастыру қағидалары;
  • Шарттарды жасасу және сүйемелдеу тәртібі;
  • Орындалған жұмыстар актілерімен жұмыс істеу дағдылары (Р-1, КС-2, КС-3 нысандары және т.б.);
  • Жоспар-кестені басқару: MS Project немесе Primavera P6 бағдарламаларын еркін меңгеру, сыни жолды (Critical Path) құру және ресурстарды оңтайландыру қабілеті;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс: MS Office пакетін, оның ішінде Excel бағдарламасын жоғары деңгейде меңгеру;
  • Бюджеттеу: АВС-4 бағдарламасында сметалармен жұмыс істеу дағдылары, ҚР құрылыс саласындағы баға қалыптастыру қағидаттарын түсіну;
  • Сатып алуды басқару: тендерлер өткізу және жеткізушілермен жұмыс істеу тәжірибесі (мемлекеттік сатып алу порталын білуін қоса алғанда);
  • Мүдделі тараптарды басқару: тапсырыс берушілермен, бас мердігерлермен және мемлекеттік құрылымдармен келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • Тәуекелдерді басқару: тәуекелдерді (жеткізілімдердің кешігуі, ауа райы жағдайлары, материалдар бағасының өзгеруі және т.б.) анықтау және оларды азайту жөніндегі жоспарларды әзірлеу қабілеті;
  • Көшбасшылық: кросс-функционалды команданы басқару тәжірибесі (инженерлер, сметашылар, заңгерлер, құрылыс учаскесі басшылары және басқа мамандармен жұмыс тәжірибесі құпталады);
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздерін білу.

Еңбек шарттары:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • 5/2 жұмыс кестесі, 4 сағаттық жұмыс күні;
  • Жалақының уақытылы төленуі;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн.

Қажетті қабілеттер

  • - Управление проектами
  • - Стрессоустойчивость
  • Высокая ответственность и эффективная коммуникация

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)