«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС жетекші инженер-жобалаушысы (ДӨО және телекоммуникация инфрақұрылымы)
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Жартылай қамтылу, Икемді кесте
Міндеттері:
- Инфрақұрылымды жобалауға арналған бастапқы деректерді жинау, жүйелеу және талдау (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, байланыс операторлары мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың техникалық шарттары);
- Шетелдік серіктестер мен бас EPC-мердігер ұсынған техникалық құжаттаманың Қазақстан Республикасының қауіпсіздік талаптарына, климаттық ерекшеліктеріне және құрылыс нормаларына сәйкестігін бастапқы бақылау және тексеру;
- Деректерді өңдеу орталықтары (ДӨО) объектілері үшін жобалық және жұмыс құжаттамасының бейіндік бөлімдерін жобалық-сметалық құжаттама құрамына қойылатын талаптарға сәйкес дербес әзірлеу және есептеу;
- Техникалық хат алмасуды жүргізу, жабдықтардың техникалық ерекшеліктерін әзірлеу және жобалық шешімдерді жобалау институттарымен, мердігерлермен және ішкі пайдалану қызметтерімен келісу;
- Жобадағы өзгерістерді жедел басқару: жергілікті нормативтік актілердің немесе тапсырыс берушінің технологиялық талаптарының өзгеруіне байланысты сызбаларды түзету.
Талаптар:
- «Телекоммуникациялар», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» немесе сабақтас инженерлік-құрылыс мамандықтары (ӨАҚ) бойынша жоғары техникалық білім;
- Магистр дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады.
Тілдік талаптар
- Орыс тілі – еркін деңгейде (Қазақстан Республикасында инженерлік есептеулер мен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеудің негізгі тілі);
- Қазақ тілі – C1–C2 деңгейінен төмен емес (түсіндірме жазбаларды, мемлекеттік органдарға ресми хаттарды еркін оқу және дайындау);
- Ағылшын тілі – Intermediate/Upper-Intermediate деңгейінен төмен емес (халықаралық техникалық құжаттаманы еркін оқу, іскерлік хат алмасу және шетелдік сәулетшілермен, вендорлармен техникалық кездесулерге қатысу қабілеті).
Жұмыс тәжірибесі
- Желілік және телекоммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, пайдалану немесе технологиялық дамыту саласында кемінде 5–7 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Ірі инфрақұрылымдық объектілер үшін техникалық талаптарды, архитектуралық схемаларды, техникалық ерекшеліктерді және жобалық шешімдерді әзірлеудің практикалық тәжірибесі.
Бейіндік тәжірибе (маңызды талап)
- ДӨО инженерлік инфрақұрылымын жобалау тәжірибесі: электрмен жабдықтау және резервтеу жүйелері (ДИБП, ДЭС, БТҚ), дәлме-дәл салқындату жүйелері, кабельдік енгізулер, DWDM және магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілері;
- NVIDIA H200/B300, DGX деңгейіндегі GPU/AI кластерлерін және InfiniBand/Ethernet Fabric желілік инфрақұрылымдарын орналастыруға арналған шешімдерді әзірлеу немесе бейімдеу тәжірибесі;
- Жерүсті байланыс инфрақұрылымын, халықаралық байланыс тораптарын (PoP) және ірі платформаларды (бұлтты бейнебақылау жүйелері, CDN желілері) жобалау тәжірибесі құпталады.
Кәсіби білімдер және нормативтік-техникалық құзыреттер
ҚР нормативтік базасы
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңын;
- Құрылыс салуды ұйымдастыру қағидаларын;
- Инженерлік және әлсіз ток жүйелерін жобалауды реттейтін қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарды (ҚР ҚН, ҚР ЕЖ, ГОСТ) жетік білу.
Бейімдеу және сараптама
- Шетелдік тұжырымдамалық жобаларды (Conceptual Design / FEED) ҚР ҚН және ҚР ЕЖ талаптарына сәйкес «Жоба» (Ж) және «Жұмыс құжаттамасы» (ЖҚ) кезеңдеріне бейімдеу тәжірибесі;
- «Мемсараптама» РМК немесе аккредиттелген жеке сараптама ұйымдарының epsd.kz порталында сарапшылардың ескертулеріне жауап дайындаудың практикалық тәжірибесі.
Стандарттарды үйлестіру
- Халықаралық стандарттар мен дизайн-кодтардың (ISO, EN, NFPA, NVIDIA референстік модельдері) талаптары мен Қазақстан Республикасы нормалары арасындағы айырмашылықтарды түсіну;
- Нормативтік қайшылықтар туындаған жағдайда Арнайы техникалық шарттарды (АТШ) әзірлеуге қатысу тәжірибесі.
Екі тілде жобалау
- ГОСТ 21.101 талаптарына сәйкес жобалық құжаттаманы екі форматта/екі тілде (сызбаларда, мөртабандарда және түсіндірме жазбаларда орыс және ағылшын тілдерін қатар пайдалану арқылы) шығару дағдылары.
Техникалық дағдылар және бағдарламалық қамтамасыз ету (Hard Skills)
CAD және BIM платформалары
- Autodesk Revit, Navisworks, AutoCAD немесе ұқсас бағдарламалық кешендерді еркін меңгеру;
- ҚазҚСҒЗИ талаптарына сәйкес ортақ деректер ортасында (CDE) жұмыс істеу тәжірибесі.
Сметалық бөліммен өзара байланыс
- Сызбалардан немесе BIM-модельден жұмыстар көлемінің ведомостарын (Quantity Take-Off / BoQ) қателіксіз қалыптастыру және оларды АВС-4 бағдарламасында ресурстық әдіспен сметалық есептеуге дайындау.
Кәсіби сертификаттар
- Cisco, Juniper (JNCIS-SP/JNCIA), Huawei HCSA немесе инженерлік инфрақұрылым саласындағы баламалы кәсіби сертификаттардың болуы елеулі артықшылық болып табылады.
Еңбек шарттары
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- 5/2 жұмыс кестесі, 4 сағаттық жұмыс күні;
- Жалақының уақытылы төленуі;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
«KTZ Express» АҚ Ақпараттық технологиялар және цифрландыру департаментінің IT-шешімдерді енгізу тобының бас менеджері
АО «KTZ Express» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
09.06.2026 | 397
от 652 848
«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС Күрделі құрылыс департаментінің бас жоба инженері (КҚД)
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
09.06.2026 | 69
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының инфрақұрылым объектілерін кешенді талдау және мониторинг бөлімінің бас менеджері (17 Грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
09.06.2026 | 500
от 652 848