ҚМГ Инжиниринг (Инженер-механик) ЖШС downstream жобалық кеңсесінің жетекші инженері (аутстаффинг)

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Жобалық жұмыс, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
95

   Конкурс туралы

Талаптар

Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік):

Жоғары техникалық білім, тиісті қызмет бейіні бойынша, магистр дәрежесінің, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми еңбектерінің болуы, тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/биология және экология/химия/МВА /IТ/басқа (жақсырақ), Инженер-механик

Кәсіби саладағы жұмыс өтілі | Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе облыстарда бейіні бойынша кемінде 5 жыл, кемінде 2 жыл

Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі:

Технологиялық қондырғылардың (МӨЗ) аса ірі жабдықтарын (колонналар, реакторлар) монтаждау және қабылдау бойынша қадағалау жұмыстарында кемінде 5 жыл тәжірибесі. Халықаралық технологиялық лицензиарлармен жұмыс тәжірибесі. Лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі. Жобаларды жобалау, сараптамадан өткізу, құрылыс және іске қосу-жөндеу жұмыстары кезеңдерінде іске асыруға қатысу.

Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі:қажет етпейді

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Қазақ тілін білу;

Мұнайды өңдеу технологиялық процестерін түсіну;

Жоғары температура мен қысым жағдайында жабдықтың жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіну;

EPC/EPCM контракттық рәсімдері мен жобаның өмірлік циклін түсіну;

Ұжымдағы қақтығыстарды басқару, техникалық кеңестерді (HAZOP, HAZID) фасилитациялау дағдылары, қашықтағы командалар мен аутстаффингті басқару тәжірибесі;

Жауапкершілік, қағидатшылдық, ынтымақтастық, мүдделерді қорғау мен сын арасындағы теңгерімді сақтау, мықты команда қалыптастыру;

Орыс тілін, ағылшын тілін білу (құпталады);

Microsoft Office, Outlook және басқа да мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Сызбалармен және 3D-модельдермен жұмыс істеу дағдылары;

Оперативті жоспарлау (MS Project, Primavera), кросс-функционалды командаларды басқару, техникалық кеңестер өткізу дағдылары;

Презентациялар жасау, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;

Жұмыстарды ұтымды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру дағдылары;

Күрделі интеграцияланған бизнес-орта жағдайында басқа бизнес-бөлімшелермен және функционалдық Көлімдермен тиімді өзара әрекеттесу қабілеті;

Командада жұмыс істеу дағдылары;

Стратегиялық, аналитикалық және жүйелі ойлау дағдылары, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу қабілеті;

Бағынысты персоналды басқару, еңбекті ұйымдастыру және мотивациялау дағдылары;

Стандартты емес және күрделі жағдайларда шешім қабылдау қабілеті;

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

Статикалық және динамикалық жабдықтарға арналған техникалық сипаттамаларды (Data Sheets) әзірлейді және тексереді.

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен колонналық аппараттарға арналған конструкторлық құжаттамаға техникалық сараптама жүргізеді.

Өз бағыты шеңберінде жобалық құжаттама мен техникалық шешімдер бойынша қорытынды дайындайды.

Агрессивті ортада және жоғары температурада жұмыс істейтін жабдықтар үшін материалдарды таңдауды бақылайды.

Жабдықтың беріктігі мен орнықтылығы бойынша есептеулерді тексереді.

Жеткізушілердің тендерлік ұсыныстарын техникалық салыстыруға (техникалық теңестіруге) қатысады.

Патенттелген жабдықтар бойынша лицензиарлармен өзара іс-қимылды үйлестіреді.

Жалпы көрініс сызбаларын және жабдықты орналастыру жоспарларын тексереді.

Критикалық жабдық үшін инспекциялар мен сынақтар жоспарларын әзірлеуді бақылайды.

Өте ірі габаритті жүктерді алаңға тасымалдау рәсімдерін келіседі.

Құбыр өнімдеріне, арматураға және құбыр бөлшектеріне арналған техникалық сипаттамаларды тексереді.

Компрессорлық және сорғы жабдықтарының діріл параметрлерін талдайды.

Механикалық тораптардың «қысқы орындалу» талаптарының сақталуын бақылайды.

Зауыт-дайындаушыларда зауыттық қабылдау сынақтарына (FAT) қатысады.

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды ҚР өнеркәсіптік қауіпсіздік органдарында тіркеуге арналған құжаттаманың толықтығын тексереді.

Жобалық шешімдердің жөндеуге қолжетімділігін және жабдыққа қызмет көрсету мүмкіндігін бағалайды.

ПНХЗ техникалық қызметтерімен және ҚМГИ жобалық офисімен өзара әрекеттеседі.

Күнделікті, апталық және айлық прогресс туралы есептерді қалыптастырады.

Басқарушы комитет пен Инвестициялық комитетке арналған материалдарды дайындайды.

Серіктестіктің ішкі реттеуші құжаттарында, лауазымдық нұсқаулықта және сенімхатта көзделген өзге де функцияларды орындайды.

Жеке үлгі арқылы қауіпсіз мінез-құлықты көрсетеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптары мен нормаларын сақтауға басқаларды да ынталандырады.

Өзіне еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындайды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды.

Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды.

Тікелей басшының тапсырмаларын орындайды.

Бөлімше қызметіне байланысты міндеттерді жоспарлайды және ұйымдастырады.

Тапсырмалардың орындалуын, мақсатты көрсеткіштердің жетуін талдайды, ауытқулар анықталған жағдайда түзету шараларын әзірлейді және іске асырады.

Өзіне бекітілген Бөлімшенің тиімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Ескертпе: Жұмыс Павлодар қаласында "ПМХЗ" ЖШС кеңсесінің базасында жүзеге асырылатын болады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)