Downstream жобалық кеңсесінің жетекші инженері ҚМГ Инжиниринг ЖШС (HSE DСС) (аутстаффинг)

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Жобалық жұмыс, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
42

   Конкурс туралы

Талаптар

Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік):

Жоғары техникалық білім, тиісті қызмет бейіні бойынша, магистр дәрежесінің, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми еңбектерінің болуы, тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/биология және экология/химия/МВА /IТ/басқа (жақсырақ). Жобаларды басқару саласындағы қосымша білім құпталады. Мұнай-газ ісі, химиялық технология, мұнай инжинирингі, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс және соған ұқсас инженерлік мамандықтар.

Кәсіби саладағы жұмыс өтілі |

Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе облыстарда бейіні бойынша кемінде 5 жыл, кемінде 2 жыл

Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі:

Мұнай-газ немесе мұнай-химия саласындағы объектілерде жобалық құжаттаманы басқару немесе инженерлік сүйемелдеу бағытында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі. Ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда немесе лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі. Жобаларды жобалау, сараптамадан өту, құрылыс және іске қосу-жөндеу жұмыстары кезеңдерінде іске асыру тәжірибесі.

Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі:қажет етпейді

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Қазақ тілін білу;

Жобалау және құрылыс саласындағы ҚР НҚА талаптарын білу (ҚР ҚНжЕ 1.02-03-2022, ҚР ҚНжЕ 1.02-04-2022, ҚНжЕ РК, ГОСТ);

EPC/EPCM келісімшарттары рәсімдері мен жобаның өмірлік циклін түсіну;

Жауапкершілік, қағидатшылдық, ынтымақтастық, мүдделерді қорғау мен сын арасындағы теңгерімді сақтау, мықты команда қалыптастыру;

Орыс тілін білу, ағылшын тілін білу (құпталады);

Microsoft Office, Outlook және басқа да мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Презентациялар өткізу, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;

Жұмыстарды ұтымды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру дағдылары;

Күрделі интеграцияланған бизнес-орта жағдайында басқа бизнес-бөлімшелермен және функционалдық бөлімдермен тиімді өзара әрекеттесу қабілеті;

Командада жұмыс істеу дағдылары;

Стратегиялық, аналитикалық және жүйелі ойлау дағдылары, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу қабілеті;

Басқару мен еңбекті ұйымдастыру, бағынысты персоналды мотивациялау дағдылары;

Стандартты емес және күрделі жағдайларда шешім қабылдау қабілеті;

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

Жобаның кіріс және шығыс құжаттамасын (техникалық құжаттар, хаттар, хаттамалар, есептер) қабылдайды, тіркейді, есепке алады және сақтайды.

Жобаның Master Document Register (MDR) реестрін жүргізеді: құжаттардың статустары, ревизиялары және жоспарлы шығару мерзімдері туралы ақпаратты уақтылы енгізеді; жаңартулар келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі.

Transmittals (TRM) – құжаттарды жоба қатысушыларына ресми беру үшін жолдама формаларын рәсімдейді және жібереді.

Жобаның коммуникациялар реестрін жүргізеді: Letters (LET), Engineering Mail (EMA), Minutes of Meeting (MOM) құжаттарын тіркейді.

Құжаттардың қабылданған жіктеу жүйесіне сәйкес дұрыс нөмірленуін, кодталуын және нұсқалануын қамтамасыз етеді.

Жобаның архивін электрондық EDMS жүйесінде және қағаз түрінде ҚР нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қалыптастырады және өзектендіреді.

Жоба қатысушыларының құжаттарды шығару мерзімдері мен статустарын бақылайды және ауытқулар анықталған жағдайда тікелей басшыны уақтылы хабардар етеді.

Жіберілген Transmittals (TRM) бойынша жауаптардың түсуін қадағалайды, белгіленген мерзім өткен жағдайда еске салулар қалыптастырады.

Comments and Response Sheet (CRS) арқылы ескертпелер журналы мен олардың жойылу статустарын жүргізеді.

Minutes of Meeting (MOM) хаттамаларын, тапсырмалар реестрімен, жауапты тұлғалармен және орындалу мерзімдерімен бірге рәсімдейді; тапсырмалардың орындалуын бақылайды.

Алдын ала жобалық және жобалық құжаттаманы мемлекеттік және экологиялық сараптамаға ұсыну рәсімдерін ұйымдастырушылық-құжаттамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді: құжаттар пакеттерін қалыптастырады және сараптама органдарымен өзара әрекеттеседі.

Құжат айналымы бойынша апта сайынғы және айлық жиынтық есептерді дайындайды.

Шығарылған, келісілген және берілген құжаттар бойынша статистиканы жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасы, Серіктестік жарғысы және ішкі құжаттар талаптарын сақтайды; еңбек және атқарушылық тәртіпті орындайды; тікелей басшының өзге тапсырмаларын орындайды; қажет болған жағдайда блок әріптестерін алмастырады.

Жеке үлгі арқылы қауіпсіз мінез-құлықты көрсетеді және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуына ықпал етеді.

Өзіне еңбек шартымен және лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындайды.

Бөлімше жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.

Ескертпе: Жұмыс Павлодар қаласында "ПМХЗ" ЖШС кеңсесінің базасында жүзеге асырылатын болады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)