«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС Сметалық-құжаттамалық жұмыстар жөніндегі жетекші маманы

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
272

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жалпы құрылыс жұмыстары мен қарапайым инженерлік желілер бойынша сметалар жасау;
  • Мердігерлер ұсынған орындалған жұмыстар актілерін (Р-1, КС-2) тексеру;
  • Материалдардың құнын негіздеу үшін нарықтан прайс-парақтарды жинау.

Талаптар:

  • Жоғары білім (құрылыс немесе экономика саласында);
  • Сметалық іс саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Кез келген құрылыс немесе жобалау компаниясында жұмыс тәжірибесі;
  • Энергетика немесе IT саласындағы тәжірибе құпталады, бірақ міндетті емес;
  • Негізгі талап: кемінде 1–2 сәтті аяқталған және қабылданған объект бойынша тәжірибенің болуы (бағытына қарамастан).

Негізгі техникалық дағдылар (Hard Skills):

  • АВС-4 бағдарламасы: еркін меңгеру (Қазақстан үшін негізгі талап). Сметаларды шығару және ресурстық ведомостарды жасау қабілеті;
  • Ресурстық әдіс: баға қалыптастырудың ресурстық әдісінің қағидаттарын түсіну;
  • Сызбаларды оқу: сызбадағы іргетасты жабыннан ажырата білу, бетон көлемін немесе кабель ұзындығын есептей алу;
  • MS Excel: кестелермен жұмыс істеу дағдылары (ВПР, қарапайым формулалар) – жабдық бағаларын талдау үшін маңызды.

Жеке қасиеттер (Soft Skills):

  • Үйренуге бейімділік: «чиллерлер», «ҮҚК (ИБП)» және «сұйықтықпен салқындату» сияқты ұғымдарды тез меңгеруге дайын болу;
  • Ұқыптылық: есептеулерде қателік жібермеу және сандардың дәлдігіне мән беру;
  • Адалдық: мердігерлердің жұмыс көлемдерін тексеру кезінде мүдделер қақтығысының болмауы.

Еңбек шарттары:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналстыру;
  • 5/2 жұмыс кестесі, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Жалақының уақытылы төленуі;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы – 24 күнтізбелік күн.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)