Тарифтер және өнімдер департаментінің директоры

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
104

   Конкурс туралы
Міндеттері: 

1) Қоғамның стратегиялық және өзге де мақсаттарына сәйкес Қоғамның корпоративтік сегментінде өнім ұсыныстарының портфелін басқару;
2) Өнім ұсыныстары саясатын қалыптастыру;
3) Өнім ұсыныстарының сандық және сапалық көрсеткіштерін талдау;
4) Нарықтағы перспективалы, инновациялық технологиялық шешімдер мен заманауи үрдістерді талдау.
5) Әлеуетті клиенттердің қажеттіліктерін талдау;
6) Өнімдерді әзірлеу, қорғау, сату және дамыту.
7) Корпоративтік сегменттің өнім ұсыныстарын дамыту бөлігінде Қоғамның орталық аппаратымен және филиалдарымен, сондай-ақ өндірушілермен және серіктестермен, бар және әлеуетті клиенттермен өзара іс-қимыл жасау;
8) Өнімдердің тұтынушылық техникалық және экономикалық сипаттамаларын талдау;
9) Нарық қажеттіліктеріне жаңа core-өнімдерін дамыту және сүйемелдеу;
10) АКТ және телекоммуникация саласындағы арнайы жобалар бойынша техникалық шешімдерді таңдау;
11) Корпоративтік сегментте Инновациялық қызметтер тұжырымдамасын әзірлеу;


Талаптары:
Жоғары (техникалық/экономикалық) білім / Телекоммуникация саласындағы кемінде 5 жұмыс өтілі болуы, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс

Департамент директоры мыналарды білуі тиіс:
  • лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде «Қазақтелеком» АҚ және филиалдың өкімдік және ішкі құжаттарын;
  • «Қазақтелеком» АҚ БМЖ, АҚМЖ құжаттарын;
  • электронды құжат айналымын;
  • осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды (Microsoft Word, Microsoft Exel, Microsoft PowerPoint, Microsoft Visio, VLC media player, TeamViewer, AnyDesk);
  • лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді;