"Кедентранссервис" АҚ Достық ст. бойынша филиалының диспетчері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Ауысымға вагондарды тиеу жоспары мен түсіру жөніндегі тапсырмаларды кезекшілік басталар алдында филиал директорынан немесе директордың жүк жұмысы жөніндегі орынбасарынан алады;
- жергілікті жүкпен және жүк операцияларын жүргізумен вагондардың келуін талдау негізінде оларды жүк пункттеріне 3 сағаттық кезең бойынша берудің кезектілік Жоспарын,сондай-ақ жүк пункттерінен вагондарды жинау жоспарын жеке өзі жасайды,бұл туралы станциялық диспетчермен келіседі.
- тиеу-түсіру жоспарының орындалуын,вагондардың жүк пункттеріне уақтылы берілуін және оларды жинауды бақылайды;
- станция диспетчерімен жоспарлау жүк тәсілі туралы ақпарат негізінде маневрлік жұмыстар;
- станциялық диспетчермен бірлесіп,маневрлік құралдарды жүк пункттерінде қалыптасатын нақты жағдайға қарай бөледі; қажет болған жағдайда жүк жұмысының жоспарын түзетеді, оны директордың жүк жұмысы жөніндегі орынбасарымен келіседі және бұл туралы станциялық диспетчерге хабарлайды;
- жедел жоспарлауды және қайта тиеу жұмыстарын басқаруды жүзеге асыру үшін жүк операцияларының майдандарына беруді қоса алғанда,орындалған жүк жұмысының кестесін жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі)темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көліктік техника және технологиялар; темір жол көлігіндегі көліктік логистика;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр