"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының диспетчерлік аппаратының бас маманы

от 441 859
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
43

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Кейіннен Филиал басшылығына, сондай-ақ Жол және құрылыс департаментінің диспетчеріне (бұдан әрі - ЦП), Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің диспетчеріне (бұдан әрі - ОАА) ұялы және алмалы-салмалы диагностика құралдарының жұмыс нәтижелері бойынша тәуліктік анықтаманы қалыптастырады;
  • диагностиканың ұтқыр және алмалы-салмалы құралдарының күнделікті жұмыс кестесінің орындалуын бақылайды, кесте орындалмаған жағдайда тоқтап тұру себебін көрсетеді;
  • егер жұмыскер алдағы тәуліктерге арналған жұмыс жоспарына енгізілмеген жағдайда, себебін көрсете отырып, дефектоскопия цехтары жұмыскерлерінің алдағы тәуліктерге нақты жұмысқа шығуын есепке алуды және жинақтауды жүргізеді;
  • мобильдік диагностика құралдарының жұмыс нәтижелерінің жеделхаттарын ЭҚБЖ жүйесі бойынша жібереді;
  • кейіннен Филиал басшылығына анықтаманы ұсына отырып, дефектоскопия цехтары бөлінісінде техникалық спирттің шығысы бойынша есеп жүргізеді;
  • диагностика құралдарын пайдалану бөліміне (бұдан әрі - Бөлім) дефектоскопия, МДК, КС және СВД цехтары қызметкерлерінің хаттамасымен, бұйрығымен, телеграфтық нұсқауымен және т.б. танысу парақтарын ұсынады;
  • Бөлімге алмалы-салмалы дефектоскопия құралдарын бір айға жоспарлы жұмыс кестесін және орындалған жұмыс кестесін ұсынады;
  • ОАА аппараттық кеңесіне диагностикалық құралдардың жұмыс нәтижелері бойынша ақпарат береді;
  • жол қозғалысы қауіпсіздігі бұзылған жағдайда жол диагностикасының нәтижелері бойынша сапалы жедел ақпарат береді;
  • ПС, МДК, ӘЖ, СВД, сондай-ақ вагон басшысының өтініміне сәйкес жолаушылар поездарына РБ, ОАА вагондарының уақтылы тіркелуін бақылауды жүргізеді);
  • Филиалдың көшпелі жұмыс сипатындағы қызметкерлерінде «DilauTracker» мобильді қосымшасын (жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз ету) пайдалану бойынша есеп жүргізеді;
  • Филиалдың ұтқыр диагностика құралдарын және РБ, ОАА қызметтік-техникалық вагондарын сумен жабдықтау және жолаушылар поездарына тіркемелер санын есепке алуды және жинақтауды жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Құрылыс. Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары; Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Көлік, көлік техникасы және технологиялары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр