Негізгі инженер Инфрақұрылымды дамыту секторының Жобаларды басқару дирекциясы
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
23.06.2026
- Берілген өтінім:
- 21
- Қаралған саны:
- 1208
Міндеттер:
- Қоғамның ИТ-инфрақұрылымын дамыту жобаларын әзірлеу және іске асыруға қатысу;
- Серверлік, желілік және бұлттық инфрақұрылымды жобалау, енгізу және сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
- Ақпараттық технологиялар, цифрлық трансформация және бизнес-процестерді автоматтандыру саласындағы архитектуралық шешімдерді әзірлеуге қатысу;
- Бизнес қажеттіліктерін талдау және инфрақұрылымдық шешімдерді дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;
- Жасанды интеллект, үлкен тілдік модельдер (LLM), білімді іздеу және өңдеу жүйелері (RAG), векторлық деректер базалары және аналитикалық платформаларды енгізу жобаларын іске асыруға қатысу;
- Ішкі бөлімшелермен, мердігер ұйымдармен және қызмет жеткізушілерімен жобаларды іске асыру аясында өзара әрекеттестікті үйлестіру;
- Инфрақұрылымдық жобалардың мерзімдерін, сапасын және тиімділігін мониторингтеу;
- Бақыланатын қызмет бағыттары бойынша аналитикалық материалдар, есептер, презентациялар және ұсыныстар дайындау;
- Техникалық талаптарды, техникалық тапсырмаларды және басқа жобалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу;
- Жобаларды іске асыру кезінде ішкі нормативтік құжаттардың, стандарттардың және ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
- Телекоммуникациялар, ақпараттық технологиялар немесе туыстас бағыттар бойынша жоғары техникалық білім;
- Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар, инфрақұрылымдық немесе цифрлық жобалар саласында жұмыс тәжірибесі;
- Серверлік, желілік және бұлттық инфрақұрылымды құру және пайдалану принциптерін білу;
- Виртуализация, контейнеризация және ИТ-процестерді автоматтандыру технологияларын білу;
- Жасанды интеллект, үлкен тілдік модельдер (LLM), RAG жүйелері, векторлық деректер базалары және деректерді талдау құралдары негізінде шешімдерді әзірлеу және енгізу принциптерін түсіну;
- Python және Bash бағдарламалау дағдылары артықшылық болады;
- Kubernetes, Docker, CI/CD, мониторинг және логирование жүйелерімен жұмыс тәжірибесі;
- Техникалық құжаттама, аналитикалық материалдар және презентациялар дайындау дағдылары;
- Microsoft Office-ті сенімді меңгеру;
- Жауапкершілік, аналитикалық ойлау, бастамашылдық, коммуникабельділік, командада жұмыс істей білу және нәтижеге бағдарлану.
Шарттар:
- Қазақстан Республикасындағы ең ірі телекоммуникациялық компанияда жұмыс;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- Жұмыс кестесі: 5/2,
- 8 сағаттық жұмыс күні;
- Уақытында жалақы төлеу;
- Жақсы әлеуметтік пакет;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы — 30 күнтізбелік күн;
- Еңбек демалысына материалдық көмек;
- Кәсіби және мансаптық дамуға мүмкіндік.
Ұқсас вакансиялар
Сату департаменті және корпоративтік бизнес бойынша Хантер
«Ауыл Телеком» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
18.08.2026 | 99
Қызметкердің тәжірибесін басқару қызметінің басшысы
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.08.2026 | 74
«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалы Оңтүстік өңірлік телекоммуникациялар тобының радиобайланыс секторының жетекші инженері
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
18.08.2026 | 101
от 397 500 KZT