Сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы
«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС Ақтау қ.- Құрылған күні:
-
23.06.2026
- Берілген өтінім:
- 6
- Қаралған саны:
- 80
|
ТАЛАПТАР |
|
|
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары |
Қажет біліктілік |
|
Білім (жоғары, мамандық/біліктілік) |
Жоғары кәсіби (экономикалық, техникалық немесе инженерлік-экономикалық, халықаралық қатынастар) |
|
Кәсіби ортада жұмыс тәжірибесі |
5 жылдан кем емес (соның ішінде ФНБ Самрук-Казына сатып алулары) |
|
Басқарушы лауазымдарда жұмыс тәжірибесі |
3 жылдан кем емес |
|
КМГ компаниялар тобына жұмыс тәжірибесі |
3 жылдан кем емес. |
-
1. Нормативтік-құқықтық білім
· Еңбек заңнамасы: Еңбек кодексін, еңбек, келісімшарттар, жауапкершілік және еңбек қорғау мәселелерін реттеу.
· Азаматтық құқық: Келісімшарттарды жасау, орындау және тоқтату, тараптардың жауапкершілігіне қатысты ҚР Азаматтық кодексінің нормалары.
· Салықтар және бухгалтерлік есеп: Салық салудың негіздері (ҚҚС, пайда салығы), материалдық қорларды бухгалтерлік есепке алу тәртібі, қаржы блогымен және ұйымның АБП-мен өзара әрекеттесу.
· Сатып алу заңнамасы:
Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алулары.
АО ФНБ Самрук-Казына сатып алу тәртібі.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу ережелері.
2. Профильдік экономикалық және техникалық білім
· Материалтану және стандарттау: Сатып алынатын өнімнің (шикізат, материалдар, жабдық, ТМЦ) атаулары, ассортименті, техникалық сипаттамалары, стандарттары (ГОСТ, ТУ) туралы білім.
· Логистика және қойма шаруашылығы: Тауарларды сақтау нормалары, сақтау шарттары, сақтау әдістері, логистикалық тізбектер мен жеткізу құнын есептеу.
· Сметалық іс және нормалау: Кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттілігін есептеу, сметаларды жасау, шығын нормаларын және өндірістік қорлардың нормативтерін талдау.
· Өндіріс технологиясы: Компанияның өндірістік процестерін түсіну, қажетті мөлшер мен сапада ресурстарды сатып алуды негіздеу.
3. Басқару және экономика саласындағы білім
· Нарықты талдау және баға қалыптастыру: Нарықтық бағаларды бақылау, тенденцияларды анықтау, жеткізушілердің ұсыныстарын талдау арқылы шығындарды оңтайландыру.
· Жоспарлау: Жабдықтау бойынша перспективалық және ағымдық жоспарларды жасау әдістері, материалдық ресурстарды теңестіру.
· Шығындарды басқару: Сатып алуларды оңтайландыру, баламалы жеткізушілерді іздеу және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендету әдістері.
· Персоналды басқару: Бөлімнің жұмысын жоспарлау, тапсырмаларды бөлу, қызметкерлерді ынталандыру және тиімділікті бағалау дағдылары.
4. IT-жүйелер мен құралдар туралы білім
· Корпоративтік жүйелер: 1С:ERP, 1С:Холдингті басқару, SAP немесе басқа ERP жүйелерін сенімді меңгеру, кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу үшін қолданылатын есеп деректерін жүргізу және Procu.kmg.kz; metal.kmg.kz; порталдарында сенімді пайдаланушы.
· Тендерлік алаңдар: zakup.sk.kz; goszakup.gov.kz; tizilim.gov.kz; НКОК Н.В. алаңында сауда жүргізу үшін порталдармен жұмыс дағдылары.
· Microsoft Office: Аналитикалық есептер жасау үшін Excel-дің жоғары деңгейі (пивот кестелері, деректерді талдау). Outlook поштасы және оған қатысты қосымшалар.
5. Іскерлік дағдылар
· Переговорлар: Коммерциялық келіссөздер жүргізу, компромисс табу, жеткізушілермен даулы жағдайларды реттеу дағдылары.
· Дағдарысқа қарсы басқару: Жеткізу тізбектеріндегі ақауларға тез жауап беру, шұғыл баламаларды табу қабілеті.
· Стратегиялық ойлау: Ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді перспективаларын көру және серіктестік желісін дамыту қабілеті.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Сатып алу қызметін басқару:
· Заявкаларды жоспарлау, жеткізу мерзімдері мен көлемдерін бақылау.
· Қорларды басқару (сақтандыру қорларын қалыптастыру, айналымды талдау).
Сатып алу процедуралары:
· АО ФНБ Самрук-Казына сатып алу процедураларын білу және қолдану.
· Жеткізушілермен келіссөздер жүргізу қабілеті.
· Келісімшарттарды, жеткізу шарттарын тексеру және бақылау, айыппұл санкцияларын қолдану кезінде көмек көрсету.
Аналитика және деректермен жұмыс:
· Жеткізушілер нарығын талдау, бағаларды мониторингтеу, контрагенттердің сенімділігін бағалау.
· Сатып алулардың тиімділігін есептеу (шығындарды төмендету, логистиканы оңтайландыру).
· 1С: ERP, SAP, CRM немесе АО НК КМГ есеп жүйелерінде жұмыс.
Коммуникация және келіссөздер:
· Қатты және жұмсақ келіссөздер жүргізу дағдылары, компромисс табу, жеткізушілерге өз шарттарыңызды «сату» және керісінше.
· Кері байланыспен жұмыс, компания мүдделерін қорғау қабілеті.
Адамдарды басқару:
· Бөлім қызметкерлеріне тапсырмалар қою, олардың жұмысын бақылау.
· Персоналды ынталандыру, жаңадан келгендерді оқыту, тиімділікті бағалау (KPI).
· Ұжым ішіндегі конфликтілерді шешу.
Дағдарысқа қарсы ойлау және стреске төзімділік:
· Дефицит, шұғыл сатып алулар, жеткізулердің бұзылуы жағдайында тез шешім қабылдау қабілеті.
· Форс-мажорлық жағдайларда баламалы жеткізушілерді іздеу.
Детальдарға назар және жүйелілік:
· Спецификацияларды, бағаларды, мерзімдерді, төлем шарттарын мұқият тексеру.
· Құжат айналымы қателерсіз, регламенттерді сақтау.
Ұйымдастырушылық дағдылар:
· Уақытты басқару, приоритеттерді қою.
· Қосымша бөлімдердің (логистика, қойма, өндіріс, қаржы) жұмысын ұйымдастыру.
Сатып алуларды цифрландыру:
· Автоматтандырылған жүйелер, цифрлық платформалар, электрондық сауда алаңдары туралы білім.
Шетел тілдері:
· Халықаралық жеткізушілермен жұмыс істеу үшін ағылшын тілі.
Тұрақты даму (ESG):
· Жеткізушілерге экологиялық және әлеуметтік талаптарды түсіну.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
- Компанияны материалдармен уақтылы қамтамасыз ету
- Бюджетті сақтау
- Келісімшарттарды бақылау, барлық тараптардың міндеттемелерін орындауын қадағалау.
- Жоғары органдармен жұмыс кезінде есептіліктің дұрыстығы мен толықтығы.
- Қойма қорларын бақылау, ТРУ сапасын тексеру, қойма қорларының нормаларын есептеу, неликвидтерді анықтау және оларды сату.
- Экономия және шығындарды оңтайландыру жоспарларын орындау
- Жұмыс ұйымдастыру және қызметкерлер арасында тапсырмаларды бөлу.
- Регламенттерді әзірлеу: ішкі сатып алу процедураларын жасау және жаңарту.
- Қойма, қаржы және логистикамен өзара әрекеттесуді координациялау.
- Жеткізушілермен жоспарлар мен міндеттемелерді орындауды мониторингтеу.
Қосымша ақпарат: сертификаттардың болуы және т.б.:
АО «ФНБ «Самрук-Казына» сатып алулары бойынша сертификаттың болуы
Қажетті қабілеттер
- • Планирование заявок, контроль сроков и объемов поставок.
- • Управление запасами (сформирование страховых запасов, анализ оборачиваемости).
- • Знание и применение процедур закупок АО ФНБ Самрук-Казына
- • Умение проводить переговоры с поставщиками
- • Проверка и контроль договоров, условий поставки, содействие при применении штрафных санкции.
- • Анализ рынка поставщиков, мониторинг цен, оценка надежности контрагентов.
- • Расчет эффективности закупок (снижение затрат, оптимизация логистики).
- • Работа в 1С: ERP, SAP, CRM или учетных системах АО НК КМГ
- • Работа с возражениями, умение отстаивать интересы компании.
- • Постановка задач сотрудникам отдела, контроль их работы.
- • Мотивация персонала, обучение новичков, оценка эффективности (KPI).
- Разрешение конфликтов внутри коллектива.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Кәсіби)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)