«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Өңірлік диспетчерлік орталығы режим жөніндегі тобының 1-санатты инженері»
- Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) қуат нарығын тұтынушылардың тізбесін қалыптастырады және өзектендіреді;
2) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі шарттарға қосымшаларға техникалық сараптама жүргізеді;
3) есептік кезеңде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетушілер бойынша есептерді жасайды;
4) Қуат нарығының субъектілері болып табылатын энергия өндіруші ұйымдардың коэффициентін (К1) есептейді;
5) Қуат нарығының субъектілері болып табылатын энергия өндіруші ұйымдардың коэффициентін (К4) есептейді;
6) Қуат нарығының субъектілері болып табылатын энергия өндіруші ұйымдардың коэффициентін (К3) есептейді;
7) қуат нарығының субъектілерімен коэффициенттерді (К2, К5, К6, К7) келіседі;
8) есептік кезеңде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді көрсетушілермен коэффициенттердің мәні туралы актілерді растайтын есептермен бірге үш данада қалыптастырады және бекітуге ұсынады;
9) бірыңғай сатып алушыға есепті кезеңдегі электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызмет көрсетушілермен коэффициенттердің мәндері туралы ресімделген және келісілген актілерді, есептерді қоса берілген негіздеуші құжаттармен бірге қалыптастыруға қатысады;
10) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жүйесіне (бұдан әрі – ЭТНЖ) түзетулердің енгізілуін бақылайды;
11) Атқарушы дирекциямен шарт жасасқан тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы күнделікті есеп дайындайды;
12) орағытпалы ажыратқыштардың, күштік трансформаторлардың ажыратылған күйінің, реакторлардың ажыратылған күйінің есептеулерін, бір айдағы орташа кернеудің есептеулерін, сондай-ақ БАЖ бағдарламасына ҚС қосылыстарында кернеудің болмау кезеңінің бастапқы деректерін енгізеді;
13) АлмЖЭТ қосалқы станцияларындағы ЖҚ-ға жұмсалатын электр энергиясының нормативтік және нақты шығысын есептейді;
14) ҰЭТДД-ға «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының электр желілеріндегі электр энергиясының шығындарын азайту бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті ұсынады;
15) жылдық есептің «2.10.3. АлмЖЭТ желілеріндегі электр энергиясының шығындарын азайту бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы» бөлімін әзірлеуге қатысады;
16) ӨДО басшылығының топтың және ӨДО міндеттерін шешуге бағытталған өкімдерін орындайды (жедел келіссөздердің стенограммаларын, жедел журналдан үзінділерді, энергия нарығының субъектілеріне хаттарды, телефонограммаларды, сұрауларға жауаптарды және т.б. дайындау);
17) ӨДО алдына қойылған міндеттерді жақсартуға бағытталған электротехникалық міндеттерді шешу үшін жаңа бағдарламаларды игереді;
18) тікелей басшының қызметтік тапсырмаларын орындайды; Филиал басшылығының қосымша тапсырмаларын орындайды.
Талаптар:
|
Білім деңгейі |
жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) |
|
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) |
Электр энергетикасы саласындағы техникалық |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі |
Электр энергетикасы саласында |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
2-санатты инженер лауазымында кемінде 2 жыл және/немесе лауазым бағыты бойынша кемінде 4 жыл |
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
|
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
· Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидалары, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған білімі; · Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласындағы теориялық және практикалық білімі; · «KEGOC» АҚ электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтардың параметрлері мен құрамын білу; · Желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын өз қызметін жүзеге асыру кезінде ӨДО-да қолданылатын құжаттар тізбесінде айқындалған көлемде білу; · Командада жұмыс істей білу, көшбасшылық және коммуникативтік дағдылар – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу; · Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау); · Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі. |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн. |
|
Қосымша талаптар |
· Мемлекеттік тілді және/немесе орыс тілін білу; · Microsoft Office, WEB-міндеттермен, ОИК, SCADA, ЖО ЭКЕАЖ, EMCOS жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларының болуы. |
Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 162/7
Бос лауазым уақытша болып табылады.
Түйіндемені қабылдау 16.07.2026ж. дейін (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар