KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы бухгалтериясының 1-санатты бухгалтері уақытша лауазымы, Шымкент қаласы

от 285 000 KZT
«KEGOC» АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
240

   Конкурс туралы

Білім деңгейі: Жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім

 Білім профилі: Қаржы және/немесе экономика және/немесе есеп және аудит саласы, немесе «Бизнес және басқару» бағыты.

 Кәсіби тәжірибесі: Қаржы-бухгалтерлік салада тәжірибесінің болуы.

 Жұмыс өтілі: Қаржы-бухгалтерлік салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде бухгалтер 2-санатты лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы.

 Кәсіби сертификаттардың/сертификаттаулардың болуы: ҚР Кәсіби бухгалтер сертификаты,  ДипИФР  (орыс тілі) сертификатының болуы құпталады.

 Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бухгалтерлік есеп, заңды тұлғалардың салықтық есебі саласында теориялық және практикалық дайындығы болуы қажет.

 ДК жұмыс істеу дағдылары/арнайы бағдарламаларды білуі: Word, Excel, ЭШФ, КН КГД, SAP ИСУ, ДК тәжірибелі қолданушысы.

 Негізгі лауазымдық міндеттері:

  • компанияның нормативтік құжаттарына сәйкес есептік тіркелімдерде көрсете отырып, филиал қызметкерлерінің іссапар шығындарына алынған ақшалай қаражаттар бойынша аванстық есептердің дұрыс жасалуына және уақтылы ұсынылуына бақылауды жүзеге асырады;
  • іссапар шығындары бойынша аванстық төлемдерді төлеуге арналған өтінімдерді тексереді және ұсынады;
  • аванстық есептер бойынша қызметкерлерден сомаларды ұстап қалу/өтеу үшін деректерді ұсынады;
  • SAP ИБЖ-да «Іссапар шығындары бойынша қосымша тізімдеме» есебін қалыптастырады және тексереді;
  • осы учаске бойынша ҚҚС және КТС үшін салықтық регистрлердің дұрыс жасалуына жауап береді;
  • тарифтерді қорғау үшін іс жүзінде жұмсалған іссапар шығындары бойынша материалдарды дайындайды;
  • филиал мүлкін түгендеуге қатысады;
  • бас бухгалтердің тапсырмасы бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікке қатысты басқа да жұмыстарды орындайды;
  • өзінің есеп жүргізу учаскесіне қатысты бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және оларды архивке уақытылы тапсыруын қамтамасыз етеді;
  • өзінің жұмыс орнын ұқыпты  ұстайды. Жұмыс барысында ақаулы есептеу техникасын пайдаланбайды, компьютермен жұмыс істеу кезінде электр сымдарының жай-күйін қадағалайды, жұмыс күнінің соңында электр құралдары мен электр жабдықтарын өшіреді.

Жұмыс орны «KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының әкімшілік ғимаратында, Шымкент қаласы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 27 мекенжайында орналасқан.

Негізгі қызметкер болмаған кездегі бос орын.

Түйіндемелерді қабылдау мерзімі  2026 жылғы 24 шілде қоса алғанда.

Қажетті қабілеттер

  • Сертификат Профессиональный Бухгалтер РК
  • - навыки ведения бухгалтерского и налогового учета;
  • • Знание законодательных и правовых актов регулирующие вопросы бухгалтерского учета и отчетности
  • - Организация бухгалтерского учета и финансово-хозяйственной деятельности;
  • • Знание Бухгалтерского учета и МСФО

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)