Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау департаменті құжат айналымы және анықтамалық ақпарат бөлімінің жетекші маманы (уақытша бос орын))
Лауазымдық міндеттері:
1) «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы мен «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» (бұдан әрі – ЖО ҰДО) филиалы бойынша электр энергиясын жеткізудің шектеулері мен ажыратулары, авариялық жағдайлар, тарифтердің өзгеруі, шарттар жасасу және т.б. туралы тұтынушыларды жедел хабардар етеді;
2) Департамент қызметіне қатысты мәселелер бойынша оқу жоспары-кестесінің орындалуына мониторинг жүргізеді, АҚ және ТЖ бойынша сабақтар өткізеді;
3) Департамент қызметкерлерін оқыту, біліктілігін арттыру, сондай-ақ демалыс кестесі бойынша ұсыныстар әзірлейді;
4) Р KEGOC 00-203-17 «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының құрылымдық бөлімшелермен өндірістік-шаруашылық мәселелері бойынша өзара іс-қимыл регламентінің шеңберінде «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалында құжатайналымын ұйымдастыру, жүргізу және құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
5) «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының кіріс құжаттарымен жұмысты жүзеге асырады;
6) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес ЭҚЖ-ға өтініштерді тіркейді, жіктеуді жүзеге асырады және уәкілетті органның сұрауы бойынша статистикалық деректері бар есептер әзірлейді;
7) «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының шығыс хат-хабарын өңдейді, ЭҚЖ-да тіркейді;
8) «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының шығыс хат-хабарын және басқа да құжаттарын факс, электрондық почта және тапсырысты почта байланысы арқылы жібереді, почта қызметтерінің жеткізушілерімен байланысты, шот-фактураларды, орындалған жұмыстар актісін ұсынуды, ай сайынғы төлемдерді үйлестіреді;
8) Департамент құзыреті шеңберінде ЭҚЖ жұмысы, іс жүргізу мәселелері бойынша филиал қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетеді және консультация жүргізеді;
9) Департамент құзыреті шеңберінде «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының ішкі нормативтік құжаттарын жаңартуды жүзеге асырады;
10) құрылымдық бөлімше қызметкерлерін «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының почталық байланыспен жіберілген шығыс хат-хабарының қозғалысы туралы хабардар етеді;
11) «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалымен «Перевалочная» ЭҚЖ, «Внешняя БРД» ЭҚЖ-мен өзара іс-қимылды бақылайды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
12) «KEGOC» АҚ АД және «ЖО ҰДО» филиалы үшін жеделхаттар, хабарламалар және т.б. жіберу үшін ұйымның, тұтынушылардың, жеткізушілердің анықтамалық деректерін жаңартады;
13) «KEGOC» АҚ-ның факс және электрондық почта бойынша жіберілген телеграммалары, телефонограммалары, құжаттарын тіркеудің электрондық журналын жүргізеді;
14) «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалында құжаттармен белгіленген тәртіптің сақталуын ұйымдастыруды, құжатайналымын жүргізуді және бақылауды жүзеге асырады;
15) «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалына түсетін құжаттарды қабылдайды.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Мемлекеттік органдарда, әсіресе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде, министрліктер мен ведомстволарда құжат айналымы жүйесін түсіну;
- кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік, кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау);
- ұқыптылық, зейінділік.
Біліктілік талаптары:
- Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету/техникалық ғылымдар және технологиялар/әлеуметтік ғылымдар/бизнес, басқару және құқық бейіні бойынша жоғары техникалық білім/ педагогикалық ғылымдар
- Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;
ДК-мен жұмыс істеу үшін қажетті дағдылары/арнайы бағдарламаларды білуі:
- MS office, ЭҚЖ кеңсе бағдарламаларының тәжірибелі қолданушысы;
- Қазақ, орыс тідерін білу.
Кәсіби сертификаттары/сертификацияларының болуы:
- электрондық құжатайналымы, іс жүргізу саласында болғаны дұрыс
!!! Бос лауазым негізгі қызметкердің жүктілігі және бала тууы бойынша, кейіннен бала үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне уақытша болып табылады.
Түйіндемелер 2022 жылғы 16 қарашаға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Қажетті қабілеттер
- ведение делопроизводства и документооборота
- Система электронного документооборота (СЭД)
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Ұқсас вакансиялар