Қарыз алу және инвесторлармен жұмыс департаментінің бас менеджері (19 грейд)
Жалақы көрсетілмеген
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттері:
- шарттарды келісумен және кредиторлармен мандаттық хаттарға қол қоюмен айналысады (mandate letter);
- негізгі шарттарды келісу және жақсарту бойынша жұмысты жүзеге асырады (term sheet); жобалар бойынша Жол картасын әзірлейді;
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ кредиттік комитетіне, басқармасына, Директорлар кеңесіне және "Самұрық-Қазына"АҚ инвестициялық-стратегиялық комитетіне (талап-арыз) материалдарды дайындау және жолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- компания мен кредиторлар арасында кредиттік келісімдер жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ алдын ала талаптарды (CP)орындау шеңберінде қажетті құжаттарды уақтылы жіберу жөніндегі жұмысты бақылайды;
- процестік агенттерді тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; банктермен эскроу-шот ашу жөніндегі келісімнің талаптарын келісу бойынша жұмыс жүргізеді;
- компанияның облигацияларына зәкірлік инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ облигациялық шығарылымдардың шарттарын түзету жөніндегі жұмысты жүргізеді;
- облигациялық бағдарлама проспектісін инвесторлармен және Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен келісу бойынша жұмыс жүргізеді;
- компанияның облигацияларына инвестициялау мәселесі бойынша экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына материалдарды дайындайды, келіседі және жолдайды;
- ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің қарауына мәселені шығару бөлігінде мемлекеттік органдармен мәселелерді пысықтайды; тиісті жылға Компания облигацияларының купондық сыйақы мөлшерлемесі бойынша субсидияларды республикалық бюджетке енгізу бөлігінде мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізеді;
- компания облигациясының листингі үшін күнді резервтеу үшін биржаға өтінімдерді уақтылы жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- ARRFR, KASE және AIX-пен облигациялар шығару проспектісін келісу және тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- қарыз тарту шеңберінде қаржы институттарының өкілдерімен қосымша due diligence өткізеді; әлеуетті консультанттарға ұсыныстарға сұрау салуды (request for proposal) жасайды және жібереді;
- консультациялық қызметтерді жеткізушілердің талаптарын талдайды және салыстырады; консультациялық қызметтер көрсету бойынша Қордың сатып алу тәртібіне сәйкес шарттар жасасу жөніндегі жұмысты, оның ішінде сатып алу жоспарына тиісті кезеңге енгізуді ұйымдастырады;
- шарттарды келіседі және консультациялық қызметтерді сатып алу туралы шартқа қол қоюды жүзеге асырады;
- рейтингтік агенттікпен келісім жасасу бойынша жұмыс жүргізеді;
- қажетті құжаттарға уақтылы қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ Шарт талаптарын орындау шеңберінде рейтингтік агенттіктердің өкілдерімен жыл сайынғы кездесулерді ұйымдастырады;
- өтімділік туралы есептің дұрыстығын тексереді (liquidity report);
- "Самұрық-Қазына" АҚ-ға кредиттік шарттар бөлінісінде ҚР Ұлттық қорының қаражатын игеру және мақсатты пайдалану туралы есеп береді; "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның қарыздар мен облигациялар бөлігінде 5 жылдық кезеңге арналған даму жоспарын әзірлеуге қатысады;
- кепілдік шартының жобасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның үшінші тараптар алдындағы МДҰ міндеттемелерін орындағаны үшін кепілдік беру бойынша жұмыс жүргізеді;
- менеджменттің инвесторлармен және банктермен кездесулерін ұйымдастырады; инвесторлар мен рейтингтік агенттіктер үшін компанияның қызметі туралы есеп дайындайды;
- қарыз алу арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруды тарту бөлігінде қолжетімді қаржыландыру көздерін іздеу бойынша Даму қаржы институттарымен (Дүниежүзілік банк, ЕАДБ, АДБ, АИБ) және экспорттық-кредиттік ұйымдармен жұмыс жүргізеді; әлеуетті инвесторлармен due diligence жүргізеді; road show өткізу үшін материалдар дайындайды; - қаржылық және қаржылық емес жобалардың Тізілімін жасау бойынша бақылау жүргізеді сондай-ақ вейверлерді алу бойынша жұмыс жүргізеді;
- қарыз алу және кепілдік беру мәселелері бойынша жергілікті актілерді өзектендіру бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды.
- Білімі: тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіби.
- Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің немесе кандидаттың, ғылым докторының ғылыми дәрежесінің болуы / МВА / басқа (жақсырақ).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс, оның ішінде стратегияны/саясатты әзірлеу/іске асыру және/немесе қызмет бейіні бойынша басқару жүйелерін құру процесіне қатысу тәжірибесі.
Қажетті қабілеттер
- Финансовый анализ
- 9) Финансовый менеджмент,
- экономика и финансы
- Учет и аудит, Экономика
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Жергілікті мазмұн мониторингі орталығының бас менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
12.12.2025 | 531
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Экономика және тасымалдау есептері департаментінің пайдалану көрсеткіштерін жоспарлау және талдау жөніндегі функционалдық бағыты менеджері (14 грейд)
АҚ «Пассажирские перевозки» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
12.12.2025 | 76
от 415248
"Кедентранссервис"АҚ экономика және қаржы департаментінің менеджері
АО «Кедентранссервис» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
11.12.2025 | 573
от 335756