«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-«Ақмола» ст. Сороковая агенттік пунктінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Кірме жолдарға вагондарды беру және жинау туралы шарттардың бар-жоғын және олардың тексеру актісін жасай отырып, жергілікті нұсқаулықтардың, станцияның ТРА және басқа да регламенттеуші құжаттардың талаптарына сәйкестігін тоқсан сайын тексеруді жүргізеді;
- поездар қозғалысының қауіпсіздігін бұзудың әрбір жағдайын, СМЖҚ-ға 3-қосымшаны, темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын және талдау хаттамасын жасай отырып, басқа да нормативтік құжаттарды тексереді;
- агенттік пункттің жүк цехының қызметкерлерімен техникалық сабақтарға қатысады;
- агенттік пункт станциясында вагон таразылары, темір жолдың тіркемелері болған кезде, жүк тиелген вагондарды ауыстырып тиеу актісін жасай отырып немесе бақылау өлшеулеріне қатыса отырып, вагондардың жүк көтергіштігінен тыс жүктің тиелуінің, біркелкі тиелмеуінің алдын алу мақсатында вагондарға жүктердің тиелуінің дұрыстығын тексереді;
- тексеру актісін жасай отырып, тиелген жүктің схемасына сәйкес ашық жылжымалы құрамда габаритті емес жүктердің тиелуін комиссиялық тексеруде жүк жөнелтушілердің өтінімдеріне сәйкес тексеру және қабылдау жүргізеді;
- белгіленген талаптарға сәйкес ашық жылжымалы құрамда жүктерді тиеу мен бекітудің және габаритті емес жүктерді тиеудің техникалық шарттары талаптарының орындалуын тексереді;
- хаттама жасай отырып, жүк жөнелтушілермен/ жүк алушылармен кеңестер өткізеді;
- агенттік пунктінің "қауіпсіздік күні" тақырыбы бойынша тексерулер жүргізеді;
- жүк цехы қызметкерлерінің жүктерді тасымалдау үшін қосымша алымдардың, тарифтер мен төлемдердің толықтығын есептеуін және оларды агенттік пункт станциясының жүк жөнелтушілері мен жүк алушыларынан уақтылы өндіріп алуды бақылайды;
- жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ т/ж көлігінің басқа да кәсіпорындарымен, жүк жөнелтушілермен, жүк алушылармен агенттік пункт станциясының вагондарын беру, жинау, жүктерді тасымалдауды үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша хат алмасуды жүзеге асырады;
- "бірыңғай терезе", "бірыңғай үйлестіруші", "бірыңғай баға"қағидаты бойынша теміржол тасымалы тұжырымдамасын дамытуға қатысады;
- жүк жөнелтушілерді тасымалдау қағидалары мен шарттары туралы, тасымалдау құжаттарын ресімдеу тәртібінің өзгерістері туралы, тасымалдарға және қосымша қызметтерге ақы төлеу тәртібі туралы немесе оның өзгерістері туралы, тасымалдаушылармен есеп айырысу қағидалары және жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар вагондарды беру және жинау туралы шарттың, ППГ, СМГС, тарифтік басшылықтың талаптарын сақтамаған кездегі санкциялар туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
- жұмыстағы коммерциялық ақаулар, жүктерді тиеудің техникалық шарттарының бұзылуы, тасымалдау құжаттарынсыз жүктердің табылуы және тасымалданатын жүктердің сақталмауы, жалпы және жалпыға ортақ пайдаланылмайтын кірме жолдардағы вагондардың түсуі мен зақымдану жағдайларын тексереді және агенттік пункт станциясының көрсетілген жағдайларына жол бермеу жөнінде жедел іс-шаралар жүргізеді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, темір жол көлігіндегі көліктік логистика;
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл, оның ішінде жетекші инженер (инспектор-ревизор) және тауар кассирі/ жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы